Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» қоры мен China Communications Construction Company (CCCC) ұйымының еншілес компаниясы — China Harbour Engineering Company арасында өзара түсіністік туралы меморандум. Құжат Қазақстан үшін басым бағыттар саналатын инфрақұрылым мен энергетика салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
«Самұрық-Қазына» қоры мен «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Бұл келісім цифрлық трансформация, телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту және озық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу салаларындағы стратегиялық серіктестік орнатуды көздейді.
Сонымен қатар, форум аясында «Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниялары мен Қытайдың жетекші корпорациялары арасында келісімдерге қол қойылды. Аталған құжаттар кең ауқымды бағыттарды, соның ішінде инфрақұрылымдық, логистикалық және энергетикалық жобаларды бірлесіп дамытуды қамтиды.