Главная Новости Орталық Азия елдері энергожүйелердің сенімділігін талқылады
09 июня 2026, 13:24 32

Орталық Азия елдері энергожүйелердің сенімділігін талқылады

Орталық Азия елдері энергожүйелердің сенімділігін талқылады

Орталық Азия энергетикалық ұйымдарының өкілдері мен арнайы сарапшылардың қатысуымен Орталық Азияның Үйлестіруші электр энергетикалық кеңесінің (ОА ҮЭК) 45-отырысы өтті. Қатысушылар 2025–2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде Орталық Азияның Біріккен энергетикалық жүйесінің жұмыс қорытындыларын қарастырып, 2026 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, ОА ҮЭК-тің алдыңғы отырысында қабылданған шешімдердің орындалу қорытындылары шығарылып, үйлестіру және тексеру комиссияларының есептері қаралды.

Аймақтық ынтымақтастық мәселелеріне, оның ішінде REMIT жобасы аясында «Энергия» ҮДО жанынан өңірлік жобалық кеңсе құруға ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Отырыс Орталық Азия елдерінің өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және энергетикалық жүйелердің сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бейілділігін растады. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: