Главная Новости Өскеменде жылу және электр қуаты екі жоба есебінен артады
12 августа 2026, 18:44 43

Өскеменде жылу және электр қуаты екі жоба есебінен артады

Өскеменде жылу және электр қуаты екі жоба есебінен артады ФОТО: QR Energetika ministirligi

2026 жылғы 12 тамыз. Өскемен қаласында энергетика саласында екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Қолданыстағы Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың құрылысы басталды. Сонымен қатар жаңа ЖЭО салу жобасы да іске асуда. Екі жоба да қаланың одан әрі дамуын ескере отырып, жылу және электр қуатының көлемін арттыруға бағытталған. бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қолданыстағы ЖЭО-дағы жоба аясында сағатына 400 тонна бу өндіретін №16 қазандық агрегаты және электр қуаты 100 МВт болатын №13 турбинадан тұратын жаңа энергоблок салынады.

Сонымен қатар Өскемен қаласында жаңа ЖЭО салу жобасы жүзеге асырылуда. Жоба 2025-2029 жылдарға жоспарланған. Станцияның белгіленген электр қуаты 405 МВт, жылу қуаты 1000 Гкал/сағ құрайды.▪️

Жаңа ЖЭО қалада өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін қосымша энергетикалық қуат қалыптастыруға мүмкіндік береді. Станцияда төрт энергетикалық қазандық, үш бу турбинасы және үш турбогенератор орнату жоспарлануда.▪️

 

«Өскемен үшін бұл – қаланың өсуі мен жылу және электр энергиясына деген қажеттілігін ескере отырып, жаңа қуаттарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін тағы бір маңызды жоба. Сонымен қатар құрылыс кезеңінің өзінде заманауи экологиялық шешімдер қарастырылуда», – деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Жоба қазірдің өзінде практикалық кезеңге өтті. ЖЭО мен күл үйіндісін салуға арналған жер учаскелері рәсімделіп, негізгі техникалық шешімдер бекітілді. Құрылыс алаңында геологиялық және геодезиялық жұмыстар, аумақты дайындау және уақытша инфрақұрылым құру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының белсенді кезеңінде 2 500-ге дейін адам және 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылады деп жоспарлануда.
 

Экологиялық талаптарға да ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа ЖЭО-да түтін газдарын кешенді тазарту жүйесі бар «таза көмір» технологиясы қолданылады. Бұл технология азот және күкірт оксидтерінің, сондай-ақ қатты бөлшектердің шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл Өскемен үшін аса маңызды, сондықтан заманауи экологиялық шешімдер жобаның құрылыс кезеңінен бастап қарастырылуда.▪️

Екі жоба да қаланың перспективалық дамуы мен энергетикалық қуаттарға деген сұраныстың өсуін ескере отырып жүзеге асырылуда. Қолданыстағы ЖЭО-ны кеңейту жылу қуатының тапшылығын азайтуға мүмкіндік берсе, жаңа станцияның құрылысы Өскеменнің одан әрі дамуына қажетті қосымша энергетикалық базаны қалыптастырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: