Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – елімізде 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, отбасылық және рухани құндылықтарды дәріптеуге арналған дәстүрлі жоба.
Биыл он екінші рет ұйымдастырылған бұл байқауда Атырау облысы Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылынан шыққан Өтеповтер отбасы жеңімпаз атанды!
Отағасы Зияпеден Өтепов – ардагер-теміржолшы. Ол 1953 жылы Теңіз ауданындағы Даңғызыл ауылында дүниеге келген.
1971–1973 жылдары Ақтөбе теміржол училищесінде білім алып, Атырау локомотив депосының Ганюшкино айналым депосында машинист көмекшісінен бастап, 40 жыл бойы тепловоз тізгіндеген тәжірибелі машинист болды. Зайыбы Мағауира апаймен бірге екі қыз, екі ұл өсіріп, бүгінде тоғыз немере мен бес жиеннің қызығын көріп отырған өнегелі шаңырақ иелері.
Аудандық және облыстық кезеңдерде топ жарған отбасы республикалық деңгейде де үздік отбасы ретінде танылып, 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сертификат, диплом және ескерткіш сыйлыққа ие болды.
«Біздің ең басты байлығымыз – балаларымыздың тәрбиесі мен бірлігі. Екі ұлым мен бір қызым менің жолымды жалғастырып, теміржолшы болды. Кенже қызым Самал – геолог. Республикалық байқауға қатысып, ел басшыларының қолынан марапат алу – үлкен қуаныш!» – дейді Зияпеден аға.
Тұңғышы Толқын – Ганюшкино станциясында билет кассирі, ұлы Берік – тепловоз машинисі, Қуаныш – станция қызметкері.
Зияпеден аға – салауатты өмір салтын ұстанатын спортшы, бос уақытында аңшылықпен айналысады. Ал Мағауира апай – шаңырақтың шырайын келтірген, қонақжай, мейірімді және парасатты ана.
Осындай ынтымағы жарасқан, еңбегі мен мейірімі ұштасқан Өтеповтер әулетінің жеңісі – нағыз ел мақтанышы!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
59
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
62
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы