Главная Новости Отын үнемділігі локомотив бригадасы шеберлігінің белгісі
02 наурыз 2021, 09:02 1086

Отын үнемділігі локомотив бригадасы шеберлігінің белгісі

Отын үнемділігі локомотив бригадасы шеберлігінің белгісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Бимов пен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов Ақмола бөлімшесінің Жалтыр – Атбасар учаскесіндегі локомотив бригадасымен кездесіп, машинист пен оның көмекшісінің үйлесімді жұмысын атап өтті.

Локомотив бригадасы «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын көрсетті. Жүйенің басты міндеті – отын-энергетикалық ресурстарды бақылау және есепке алу. Ақылды жүйе адамның араласуынсыз дизель отыны мен электр энергиясының нақты шығынын әр локомотив істеген жұмыс параметрлерімен салыстырады. Қашықтықты, қозғалыс жылдамдығын, жүктің салмағын, жұмыс режимін, жол профилін бағалайды және отынның артығымен жұмсалуы немесе локомотивтің шамадан тыс пайдалануының  режимі жағдайында белгі береді. Жүйенің барлық ақпараты нақты уақыт режимінде қажет болған жағдайда жедел шешімдер қабылданатын локомотив депосы мен Орталық аппаратқа келіп түседі.

Қазіргі уақытта жүйемен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС паркінің барлық локомотивтері жабдықталған. Бұл 2020 жылы отын шығының 11 мың тоннадан астамға азайтуға мүмкіндік берді.

Пойызды басқару – үлкен жауапкершілік. Машинист локомотивтің құрылымын, жолдың профилін, дабылдардың орналасуын, станциялар мен аралықтар бойынша жылдамдық режимдерін егжей-тегжей білуі тиіс. Пойызды жүргізу кезінде тежегіштерді басқаруда үлкен шеберлік таңытып,  дизельдің айтарлықтай тиімді жұмысын таңдау керек.

«Құрамды басқарушы машинистің табысты жұмысы теміржолдың барлық құрылымдарының: жолшылар, энергетиктер, белгі беруші- байланысшылар, пойыз диспетчерлері және өзгелер күш-жігерінің шоғырлануына, барлық өндірістік процестердің нақты жұмысына байланысты. Бұл әсіресе аралықтар мен учаскелерден өтіп бара жатқан кезде көп тонналы пойызды сүйреген машинист кабинасынан қарағанда қатты аңғарылады», – деді Қанат Көбесов.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС үшін биылғы жылға арналған трансформациялау жобалары аясындағы маңызды міндет үнемді өндіріс бойынша енгізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: