Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Анкара қаласында Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрақтармен кездесу өткізді.
Тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында Қазақстанның экономикалық серіктестері арасында Түркияның орны ерекше екені атап айтылды. Осыған байланысты ҚМГ үшін басымдық берілетін бағыт — Түркияның энергетика саласындағы компанияларымен, соның ішінде мемлекеттік «Turkish Petroleum Corporation» (TPAO) компаниясымен өзара іс-қимылды кеңейту.
А.Хасеновтың айтуынша, еліміз мұнай-газ кешенінде Түркиямен ынтымақтастықты тереңдетуді — мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту, халықаралық өзара байланысты кеңейту және инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау мақсатындағы ұзақ мерзімді стратегияның бөлігі ретінде қарастырады.

Сонымен қатар ҚМГ басшысы Анкара қаласында Түркияның «Turkish Petroleum Corporation» мемлекеттік компаниясының (TPAO) басшысы Ахмет Түркоғлумен кездесті.
Тараптар инвестиция тарту, озық технологияларды енгізу, тәжірибе алмасу және экологиялық тұрақты жобаларды ілгерілету мәселелеріне баса назар аудара отырып, геологиялық барлау, тасымалдау және мұнай-газ саласының басқа да бағыттарындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін қарастырды.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта ҚМГ мен ТРАО компанияларының жұмыс топтары Қазақстандағы перспективті геологиялық барлау учаскелерінде ықтимал бірлескен бастамаларына талдау жүргізуде. А.Хасенов атап өткендей, Мемлекет басшысының Түркиямен қарым-қатынасты тереңдетудің стратегиялық бағыты аясында ҚазМұнайГаз осы елдің энергетика саласындағы жетекші компанияларымен байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлуде.
ҚМГ басшысы ТРАО-мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық серіктестікті дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
40
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы