Главная Новости Өзбекстанда мұнай, газ және көмір өндірісі төмендеді
23 мамыр 2024, 10:23 1248

Өзбекстанда мұнай, газ және көмір өндірісі төмендеді

Өзбекстанда мұнай, газ және көмір өндірісі төмендеді

Биыл сәуір айында Өзбекстанда өндірілген газ, мұнай және көмірдің көлемі азайды. 

Өзбекстан статистика агенттігінің мәліметінше, сәуірде елдегі газ өндірісі 3,7 млрд текше метрге дейін төмендеді. Жалпы биылғы 4 айда 15,3 млрд текше метр көгілдір отын өндірілгенімен, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға кем. 

Сонымен қатар бір айда ел шахталарынан қазып алынған көмір көлемі де азайды. Яғни, былтырғы сәуірімен салыстырғанда биыл өндіріс 25,8%-ға төмендеп, 357,7 мың тоннаға тең болды. 

Ал, мұнай өндірісі болса 1,3%-ға қысқарып, 62,2 мың тоннаны шамалады. Жалпы биылғы 4 айда Өзбекстандағы мұнай кен орындарынан 241,3 мың тонна қара алтын алынды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда 6,7%-ға аз. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: