Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Өзенмұнайгаз" компаниясында "Ысырапсыз өндіріс" жобасы аясында "5S жүйесі: өндіріс пен кеңседе жұмысты ұйымдастыру" тақырыбында семинар өтті. Кайдзен технологиясы туралы жергілікті мұнайшы қауымға "ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас сарапшысы Асқар Досмағамбетов әңгімеледі.
"5S жүйесі - бұл жұмысты ұйымдастыру әдісі. Нақтырақ айтатын болсақ, кез-келген жұмысты орындау үшін ыңғайлы жағдай жасау, өндірістегі тәртіпті, тазалықты сақтау, уақыт пен энергияны үнемдеу керек. Бұл жүйе қаражатты немесе жаңа технологияны енгізуді қажет етпейді. Жұмыс орнындағы артық қоқыстан арылу, жұмыс орнын тәртіпке келтіру - еңбек мәдениетін қалыптастырады, қауіпсіздігікті жақсартады", - дейді ол.
Бұдан түсінетініміз, кәсіпорынның басшыдан бастап тазалықшыға дейінгі әр қызметкері 5 қағидадан айнымауы тиіс. "Өзенмұнайгаз" компаниясында бұл жүйе №1,2,3,4 мұнай-газ өндіру басқармаларына енгізілген.
"Жобаның қанат жаюына зор үлес қосып жүрген әріптестеріме, сапа саласының білікті де білімді мамандарына шексіз алғысымды білдіремін. Әрбір мұнай-газ өндіру операторы жұмыс тобының белді мүшесі бола отырып, сапа үшін жауапты екенін сезінеді. Жауапкершілігі артқан еңбеккер жұмысын сапалы атқаруға ынталы болады. Компания операторларына арналған тиісті қоржындар №4 МГӨБ аға операторы Сейіс Қуатовтың ұсынысы бойынша өзгертіліп, жетілдірілді. Бүгінде жоғарыда аталған 4 басқарма операторларына 50 қоржын таратылып берілді", - дейді Компанияның тәуекелдерді басқару және сапа қызметінің жетекшісі Амантай Смадинов.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
156
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете