Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Мұнайшы» мәдениет сарайында Астанада өтетін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «SK ӘЗІЛ FEST: SAMRUK BATTLE» лигасына берілетін жолдама үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жайдарманшылары өзара сайысып, тартысты ойын көрсетті.
Шараға қатысқан «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамдары мен «Өзенмұнайсервис», «ҚазГӨЗ», «KMG EP-Catering» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің командалары барын салып, жеңіске жетуге ұмтылды.
«Сәлемдесу», «Биатлон» (жамбы ату), «Үй тапсырмасы» деген жарыстардан тұратын ойында әзілкештер қоғамдағы өзекті мәселелерді юмор арқылы жеткізіп, көрермендер көңілін көтеріп, тамаша көңіл-күй сыйлады.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, қара сөзден қамыр илеген «Өзенмұнайгаз» командасы 1-орын иеленіп, «SK ӘЗІЛ FEST: SAMRUK BATTLE» лига жолдамасын жеңіп алды.
Жүлделі 2-орын «Ақ мама» командасына («KMG EP-Catering»), 3-орын «ҚазГӨЗ» ЖШС командасына бұйырды.