Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Өзенмұнайгаз" АҚ №1 МГӨБ мұнай-газ өндіру операторы Ерлан Тағаев Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған "Жыл үздігі-2018" сайысының "Үздік жас мұнайшы" аталымында жеңіске жетті. Сонымен қатар, "Өзенмұнайгаз" АҚ Әлеуметтік-әкімшілік департаментінің аға маманы Мұрат Ақын "Жас тұлпар-2018" облыстық жастар байқауына қатысып, "Жас өнертапқыш" аталымында мерейі үстем болды.
Ерлан А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің түлегі. Англиядағы ETC халықаралық колледжінде ағылшын тілін менгеріп, Назарбаев универсиетінде кәсіби біліктілігін арттыру курсынан өткен. Компаниядағы Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен "Жігіт сұлтаны-2017" байқауына қатысып, жүлделі 3-орынға ие болған. "Ой-дода" зияткерлік сайысында ой-санасы ұшқыр ойыншы ретінде танылып, кезекті ойынның "Үздік ойыншысы" атанды. Жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін қала әкімі, компания басшылығы, "Нұр Отан" партиясының Алғыс хаттарымен марапатталды.
"Жылдың үздік жас мұнайшысы атанып, туған жерін дамытуға атсалысып жүрген озаттардың қатарынан көріну - мен үшін үлкен абырой. "Марапат- мерей өсіреді" дегендей, жеңіс адамды алға ұмтылдырады, жаңа белестерді бағындыруға күш береді", - дейді Ерланның өзі.

Мұрат Ақын болса, инновациялық жобалардың авторы, технологиялық жаңалыққа жаны құмар жан. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы бойынша үздік инновациялық жобалар байқауының жеңімпазы. "Инновациялық коммуналдық есептеу орталығы" және "Интеллектуалды тербелмелі қондырғы 16" жобасының авторы.
"Әкем марқұм шебер болатын. Кез-келген дүниені өз қолымен жасап, бұзылған жағдайда өзі оңдайтын. "Әкеге қарап ұл өсер" демекші, мен де бала кезімнен техникаға қызығып өстім. Идея – мұқтаждықтан туады. Қызмет көрсету саласын оңтайландыру мақсатында, цифрландыруға мүмкіндігі бар заманда, электронды қызметке көшкен дұрыс деп есептеймін", - дейді Мұрат.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
65
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
71
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы