Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жуырда Алматыдағы «Нұрлы Әлем» баспасынан «Памир тауын бағындырған маңғыстаулықтар» атты жаңа кітап жарыққа шықты. Кітаптың авторы - қоғамымыздың бұрынғы қызметкері, ауған соғысының ардагері Сағи Құрықбайұлы Диханов.
Әсем безендіріліп, түрлі түсті суреттермен көркемделген 288 беттік кітапты баспадан шығаруға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әкімшілігі мен Кәсіподақ комитеті демеушілік көмек көрсетті. Жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі Маңғыстау облыстық әкімшілігінің «Қазақстандық жауынгер-интернационалистердің Ауғанстаннан шыққанына 35 жыл» атты мерекелік іс-шара жоспары бойынша 2024 жылдың 15 ақпанында М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы ғимаратында өтті.
Бұл кітапта қасіретті Ауған соғысының айрықша бір бөлігі, анығырақ айтқанда, 24.XII.1979 - 28.I.1980 жылдары Файзабадтық 860-шы Қызылтулы Псков дербес мотоатқыштар полкінің әскери тарихтағы теңдессіз «ПАМИР МАРШЫ» және сол тау жорығына қатысқан 25 маңғыстаулық жауынгер-интернационалист туралы жазылған. Жорық кезінде солдаттар Ош–Хорог-Файзабад бағыты бойынша, Памир тауы массивінің 2406–4655 метрлік қар жамылған 10 биік асулары арқылы аса қауіпті тау жолдарында дұшпан отрядтарымен соғыса отырып, 1136 шақырымдық жолды бронды машиналар колоннасымен жүріп өтіп, 36 күнде Ауғанстанның Файзабад қаласына жетті. Жауынгер-интернационалистердің ерлік істері мен қайсарлығы жазылған бұл кітап ел болашағы жастар мен Отан қорғаушы сарбаздарымызға үлгі боларлық, сондай-ақ Қазақстан әскери командованиясы үшін таулы аймақтарда ұрыс қимылдарын жүргізуге қажетті әскери тактикалық шығармалардың бірі. Ауған соғысының тарихын жадымыздан шығармауымыз қажет, себебі сол соғыстан сабақ алу, яғни оның басталу себебін, таулы аймақтардың физикалық-географиялық жағдайын, ұрыс жүргізу тәсілдерін, қару-жарақ түрлерін жетілдіруді, көршілес мемлекеттердің ұстанған саясатын, әсіресе соғыстың адамдарға әкелген үлкен қасіретін, сондай-ақ материалдық шығындарын зерделеу – стратегиямыздың жоғарғы мәртебеге ие болуына, бейбітшілік заманда қуатты ел болуымызға өзіндік септігін тигізеді.
Жазылу мақсаты айқын да терең осы кітапқа демеушілік жасаған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымына «Маңғыстау облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестегі атынан алғыс хат табысталды. Қалың оқырманға қолжетімді болуы үшін кітаптың бір бөлігі Маңғыстау облысындағы кітапханаларға, мектептерге, мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға және Қоғамымыздың мұнай кенорындарындағы кітапханаларға да тапсырылуда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
73
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы