Главная Новости Павлодар мұнай-химия зауыты битум өндіру технологиясын жетілдіреді
23 сәуір 2024, 14:29 287

Павлодар мұнай-химия зауыты битум өндіру технологиясын жетілдіреді

Павлодар мұнай-химия зауыты битум өндіру технологиясын жетілдіреді

Технологиялық процестерге және коммерциялық өнімнің сапасына аналитикалық бақылауды SGS халықаралық компаниясы жүргізеді.

Павлодар мұнай-химия зауыты битум өндіру технологиясын жетілдіру және технологиялық процестің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Биыл қаңтар айында битум өндіру қондырғысында битум өндірісін 15%-ға арттыруға мүмкіндік беретін жаңа пеш іске қосылды. ПМХЗ битумы созылғыш қасиетке ие. Өнімді қыздырғаннан кейін де бұл қасиеті жоғары болып қала береді, яғни, асфальтбетонды әзірлеу кезінде қосымша желім қоспаларын қажет етпейді.

Технологиялық процестерге және коммерциялық өнімнің сапасына аналитикалық бақылауды SGS халықаралық компаниясы жүргізеді. Өндірілген битум күнделікті паспортталып, зертханалық тексеруден өтеді. Сапаны растау үшін битум 13 көрсеткіш бойынша сыналады.

Заманауи инновациялық технологияларды енгізу және жаңа қондырғыларды іске қосу нәтижесінде ПМХЗ битум өндірісін ұлғайтып, тапсырыс түскен жағдайда қыс айларында да оны қайнатып, тиеп жіберетін мүмкіндікке ие болды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: