Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2024 жылы 17 маусымда ҚР өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына және ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестесіне сәйкес Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар басталды.
Жоспарлы алдын алу жұмыстары – бұл жабдықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында зауытта жүргізілетін жыл сайынғы процедура. Жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде технологиялық жабдық пен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру, сараптау жөніндегі іс-шаралар кешені жоспарланған.
Жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңының талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.
Павлодар мұнай-химия зауытында қазіргі уақытқа дейін жанар-жағармай материалдары қорының тиісті көлемі қалыптасты. Жанармай ҚР Энергетика министрлігімен келісілген жоспарына сай жөнелтіледі.
Сонымен қатар ҚМГ-ның басқа мұнай өңдеу зауыттарында жанармайдың жекелеген түрлерінің өндірісін ұлғайту бойынша жұмыс атқарылды. Аталмыш шаралар, ең алдымен, экономиканың әлеуметтік маңызды секторының қажеттілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
Зауыттағы жоспарлы алдын алу жұмыстары 2024 жылы 16 шілдеге дейін өткізіліп, кәсіпорынды штаттық режимге шығару жоспарланып отыр.
77
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
279
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
118
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету