Главная Новости ПетроҚазақстанның белсенді жастары жайлы не білеміз?
20 желтоқсан 2019, 15:49 1676

ПетроҚазақстанның белсенді жастары жайлы не білеміз?

ПетроҚазақстанның белсенді жастары жайлы не білеміз?

"ПетроҚазақстан Ойл Продактс (ПҚОП)" компаниясында жастардың білім алуын қолдаудың нақты бір құралы ретінде еңбеккерлердің балаларына және екінші оқуға түскен қызметкерлердің өзіне төленетін шәкіртақыны атауға болады. Ал 2014 жылы құрылған ПҚОП Жас мамандарының кеңесінің қатарына зауыттағы жасы 30-ға жетпеген 500-ге жуық жұмысшының жартысынан көбі енген.

 

Кеңестің мақсаты – зауыт жастарының әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқығын қорғау, мәдени-бұқаралық және спорттық-денсаулық сақтау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, кәсіподақтық құрылымдармен, билік органдарымен, партиялармен және басқа да жастар кеңестерімен өзара әрекеттесу. Кеңес жұмысы туралы толығырақ "Мұнайшы" журналының кезекті нөмірінен оқуға болады. Ал қазір сөзді петроқазақстандық жастардың өзіне берсек.

- Жас маманға кәсіби тұрғыдан өсуіне не көмектеседі?

Өркен: Жас маман түрде дамуы үшін ол өзін-өзі дамытумен айналысуы керек. Ұсталардың қырын шығарып өңдегеннен кейін алмас гауһар тасқа айналады. Сол секілді, адам да өз әлеуетін ашып, дағдыларын дамытқан кезде дәл сондай бағалы болады!

Сапиолла: Менің ойымша, тұлға ретінде қалыптасу жолында адамның мінезі ерекше рөл атқарады, демек, жетістіктерге жету үшін ынта, мансапта, өмірде табысқа қол жеткізуге деген ішкі қажеттілік, әрқашан да жаңа шыңдарға қол жеткізіп отыру керек. Сол себептен кәсіпқой өсіміңіздің назар аударар ең маңызды нысаны өзіңіз болу тиіссіз.

Ілияс: Алынған білім, мансаптың басында тәжірибелі ұстаз, сондай-ақ, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс. Тәртіп, көздеген мақсатқа қол жеткізу, өзіңе сеніп отыру, мамандандырылған әдебиетті оқу және ұғу арқылы өзіңмен тұрақты түрде жұмыс істеп отыру.

- Ата-аналарыңыздан, ұстаздарыңыздан алған басты сабағыңыз?

Сапиолла: Ата-аналар мінезі мен құндылықтары балаларына автоматты түрде өтеді. Ал ұстаздар тұлғаны қалыптастыру жағдайларын жасауда аса маңызды рөлге ие болады. Менің басты алған сабағым – өзімді ұстау, өзімді ұйымдастыру және дербестік сияқты пайда болған қасиеттерім, осы қасиеттер әрбір атамның кәсіби тұрғыдан қалыптасуында маңызды рөлге ие болады деп білемін.

Өркен: Негізгі сабағым ол – тәртіп пен тұрақтылық. Мақсатқа барар жолдағы тұрақтылық нәтижеге қол жеткізеді.

Ілияс: Ең алдымен, өзіңді және айналадағы адамдарды құрметтеу керек. Ұқыпты болып, кез келген жағдайда да шыңдықты ғана айтып отыру қажет.

- Жастарды спортпен айналысуға қалайша баулуға болады деп ойласыз?

Ілияс: Алуан түрлі спорт шараларын өткізу арқылы салауатты өмір салтын ілгері бастырып, міндетті түрде жеке үлгіні көрсетіп отыру қажет.

Өркен: Баланы жас кезінен спортқа баулу керек, Спортты балаға, отанды қорғау, еліміздің абыройын көтеру  тағы сол сияқты құндылықтармен байланыстыра  отырып түсіндіру керек.

Сапиолла: Мүмкіндіктерді тудырудан бөлек үлгіні де көрсетіп отыру қажет. Мысалы, ата-аналары балаларына жастайынан дұрыс үлгі көрсетіп, дене тәрбиесімен айналысуға деген құштарлығын қалыптастырып отыруға тиіс, осылайша мемлекетті дені сау өсіп келе жатқан буынмен қамтамасыз етуге болады.

- Қандай кітаптарды оқуға ұсынар едіңіздер?

Өркен: Кәсіби тақырыптар: 4-индустриалды даму және IT технологиялар тақырыптарындағы кітаптар. Өзін-өзі дамыту тақырыбы: Джо Джирард «Өзіңді қымбатқа сат», Брайн Трейси «Тайм менеджмент».

Сапиолла: Кәсіби тақырыптар: Дэниел Ергин «The Prize және The Quest», В.Н. Эрих «Мұнай және газ химиясы мен технологиясы». Өзін-өзі дамыту тақырыбы: Хэл Элрод «Таң сиқыры», Роберт Киосаки «Бай әке. Кедей әке».

Ілияс: Кәсіби тақырыптар: Б.К. Иванов «Компрессорлық қондырғылар машинисті», А.В. Воронецкий «Заманауи ортадан тепкіш компрессорлар». Өзін-өзі дамыту тақырыбы: Стивен Кови «Жоғары тиімді адамдардың 7 дағдысы», Қуаныш Шонбай «Екінші болма».

***

Сапиолла Оңалов, 5-разрядтағы технологиялық қондырғы операторы, 25 жаста (басты суретте).

"Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық машиналары және жабдығы"» мамандығы бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ университетін, сондай-ақ, "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы бойынша Шымкенттегі Қазақстандық халықтар достастығы инженерлік-педагогикалық университетін бітірген. 2017 жылдан бастап ПҚОП-та жұмыс істеп келе жатыр.

Азот-оттегі және ауа-оттегі қондырғыларында ауаны бөлу өнімдерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық үдерістермен айналысқан. Су ресурстарын есепке алу және бақылау жөніндегі инженер қызметі бойынша бас энергетик бөлімінде бір уақытта екі қызметті атқару тәжірибесіне ие болып, қазіргі уақытта өз қондырғысының аға операторы қызметіне оқып жүр. Кәсіпорында корпоративтік және спорттық мәдениетті белсенді түрде ілгері бастырып жатыр.

Ілияс Орынбасаров, 6-разрядтағы технологиялық компрессорлардың машинисі, 27 жаста.

"Техник-жылу технигі" мамандығы бойынша Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжін бітіріп, қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып жүр.

Ільяс 21-28.07.2017 аралығында Шымкент мұнай өңдеу зауытында өткен "Мамандығы бойынша ең үздік" сайысында 1-орынды алып, кейіннен "Мамандығы бойынша ең үздік" сайысына Татарстанға (Альметевск қаласы) жіберіліп, сонда 1-орынға ие болған.

Өркен Байденов, технологиялық сорғылар операторы, 26 жаста.

Өркен зауытта өткен "Мамандығы бойынша ең үздік" сайысында 1-ші орынға ие болған.

Шымкенттегі "Ізгілікте жарысайық" қайырымдылық қорының құрылтайшысы және жастарға арналған "Аманат" клубы қалаушыларының бірі болып келеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: