Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Петропавлда Республика күніне орай салтанатты түрде Qyzyljar Creative Center ашылды. Хаб Мемлекет басшысының ірі қалаларда креативті индустрияларды дамыту тапсырмасына сәйкес құрылған. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Самұрық-Қазына» компаниясының «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
Орталық жастардың шығармашылық идеяларын қалыптастыру, креативті жобаларды іске асыру және коммерцияландыру алаңына айналады. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов «Qyzyljar Creative Center» өңірдің мәдени және экономикалық дамуында маңызды орталық болатынына сенім білдірді.
«Креативті хаб болашақта халықаралық аренада аймақтың ғана емес, бүкіл республикамызды танытатын жаңа есімдердің шығуына серпін береді деп үміттенеміз. Солтүстік Қазақстан облысының креативті орталығы бірыңғай инфрақұрылымы бар, қолдау мен көмек құралдары ортақ республикалық экожүйенің бір бөлігіне айналады», – деді Евгений Кочетов.
Креативті орталық Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық-драма театрының базасында ұйымдастырылды. Ғимарат тарихи құндылығын сақтай отырып, қайта құрылды.
«Креативті индустрия – Қордың әлеуметтік саладағы басым бағыттарының бірі. Өйткені біз IT және заманауи дизайн сияқты маңызды салаларда дарынды жастарға қолдау білдіру маңызды екенін түсінеміз», – деді «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Әдиева.
Орталықтың 2 мың шаршы метрі 9 тақырыптық аймаққа бөлінді. Qyzyljar Creative Center-дің негізгі бағыттары цифрлық және ақпараттық технологиялар, медиа және диджитал, контент жасау және сән индустриясы, хореография және білім беру сияқты салалар болады. Мұнда креаторлар үшін барлық қажетті цифрлы және шығармашылыққа арналған жағдай жасалды.
Орталықтың ашылуы аясында аймақтағы креаторлармен алғашқы кездесу өтті. Оларға сала өкілдерін мемлекеттік қолдау шаралары және индустрияны дамыту жоспарлары туралы айтылды.
Республика бойынша 9 креативті хаб жұмыс істеуде. Алдағы уақытта еліміздің барлық облыс орталықтары мен мегаполистерінде ашылатын болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»