Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ПМХЗ сорап қондырғысының машинисі Кисина Батиманың еңбек жолы жайлы айтуды жөн көрдік. Батиманың зауытта қызмет етіп жүргеніне 10 жыл болды. Күн сайын кәсіпқой маман әйел адамның да әдетте «ер адам» айналысатын қызметте жетістікке жете алатынын дәлелдеп келеді. Өндіріс тек ер адамдар ғана жұмыс істейтін сала емес.
Өндіріс құр ер адамдар ғана жұмыс істейтін сала деген таптауырынды Батима өз үлгісімен жойып келеді. ПМХЗ-да жұмыс істейтін әйелдер аз емес: зертханашылар, электршілер, машинистер. Сондай-ақ Батиманың өзі қызмет етіп жүрген цехтың басым көпшілігі – әйелдер. «Өндіріс тек ер адамдардың саласы деген оймен мүлдем келіспеймін. Біздің кәсіпорнымызда біраз жетістіктерге жеткен әйелдер көп және олар өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып келеді»,- деді ол.
Батима үшін өз отбасы – әрдайым қолдау беретін тірегі. Жолдасы мен балалары оның жұмысына қызығушылық білдіріп, әрдайым қол ұшын созуға дайын тұрады. Өндірісте жетістіктерге жету үшін қажетті қасиеттер Батиманың ойынша, оның зауыттағы өнімді әрі жоғары бағаға ие болатын жұмысы өзінің еңбекқорлығы, табандылығы мен адалдығының нәтижесі. Осы маңызды қасиеттерінің арқасында ол қиындықтарды еңсеріп, таптауырындарға қарамай үлкен жетістіктерге жете алды. Әйел адамдар өздеріне сенімді болып, табандылықтарын көрсете алса, өндірістік жұмыста ер адамдардан кем болмайтынына сенемін»,- деді белсінділік пен жауапкершілік сияқты қабілеттер өндірістегі әйелдерге көмектеседі деп ойлайтын Батима.
Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында біз Батима Кисина мен ПМХЗ-ның барлық нәзік жанды аруларын еңбек жолындағы жетістіктерімен құттықтаймыз. Батима қалыптасқан таптауырындарға қарамастан әйел адамның өз әлеуетін жүзеге асырып, кез-келген мамандықта жетістікке жетуге болатынын дәлелдейтін керемет үлгі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
161
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете