Главная Новости ПМХЗ қызметкерлері «Жастар FEST» көрмесі мен фестиваліне қатысты
14 августа 2025, 11:09 570

ПМХЗ қызметкерлері «Жастар FEST» көрмесі мен фестиваліне қатысты

ПМХЗ қызметкерлері «Жастар FEST» көрмесі мен фестиваліне қатысты

12 тамызда Павлодардың орталық жағалауында «Павлодар – жұмысшы мамандықтар аймағы» атты көрме өтті. Көрмеге өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары, колледждері, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. ПМХЗ да арнайы павильон дайындап, экспонаттар ұсынды.

Көрменің басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастардың бұл салаларға қызығушылығын ояту. Интерактивті тақырыптық алаңдарда келушілер облыс кәсіпорындарының тарихымен танысып, түрлі мамандықтарды тәжірибе және ойын түрінде көре алды.

 


Көрме қонақтары виртуалды цехтар мен өндіріс орындарын аралап, жұмыс істеп тұрған технологиялық қондырғылардың макеттерін тамашалады. Мұндай экспозициялар жұмысшы мамандықтарының ерекшелігін және оларға қойылатын талаптарды жақынырақ білуге мүмкіндік береді.

Осы күні «Ertis Promenade» сахнасында өңірдің талантты жастары, форум делегаттары мен қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысқан «Жастар FEST» жастар фестивалі өтті. ПМХЗ-ның жас қызметкерлері де фестиваль қонақтары қатарынан табылды.

Кештің басты оқиғасы – мемлекет басшысының форум қатысушыларына арнаған бейнеқұттықтауының көрсетілімі болды. Бағдарлама «Open AIR» форматындағы үлкен дискотекамен аяқталды.

 

 

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: