Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Павлодар мұнайхимия зауыты жөндеу-монтаждау-құрылыс цехының бес қызметкері Алматы қаласында өнеркәсіптік альпинизм дағдыларын меңгеріп қайтты. Оқытуды еуропалық жабдықтарды пайдалана отырып, "Өрлеу Индастри" ЖШС ұйымдастырды.
Биіктіктегі жұмыс – өндірістегі ең қауіпті қызмет түрлерінің бірі. Сондықтан жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын биіктікте орындайтын қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдаланып, биіктікте жұмыс істеу дағдыларын міндетті түрде меңгеруі қажет. Сондай-ақ олар жабдықтың жарамдылығын жіті тексере білуі керек. Осыған байланысты ПМХЗ өз қызметкерлеріне өнеркәсіптік альпинизмді оқытуға ерекше көңіл бөледі.
Оқыту бағдарламасы аясында қауіпсіздік техникасы бойынша теориялық курс, жасанды өрмелеу қабырғасында (көтерілу, түсу, сақтандыру жүйелерімен жұмыс істеу) практикалық жаттығулар және шынайы жағдайларға жақын ортада әрекет ету машықтары үйретілді. Оқыту курсын аяқтаған қызметкерлер өнеркәсіптік альпинизмнің 1-ші дәрежелі куәліктерін алды. Енді цех монтажшылары биіктікте жұмыс істеу дағдылары мен құлау қаупіне байланысты жарақаттануды азайтуға қажетті білімге ие болды.
Мамандардың біліктіліктерін арттыру зауыттың қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына негізделген және ПМХЗ-ның кадр саясатының бір бөлігі болып табылады. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мұндай іс-шараларды өткізудің маңызы зор.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
50
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы