Главная Новости ПМХЗ өндірісті ұлғайтып, цифрлық жаңғыртуға көшуде
16 июля 2026, 11:43 47

ПМХЗ өндірісті ұлғайтып, цифрлық жаңғыртуға көшуде

ПМХЗ өндірісті ұлғайтып, цифрлық жаңғыртуға көшуде

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де (ПМХЗ) болып, инвестициялық жобалардың іске асу барысымен, сондай-ақ кәсіпорынның биылғы бірінші жартыжылдықтағы өндірістік қызметінің қорытындыларымен танысты. ПМХЗ бас директоры Маждай Ахметов баяндама жасап, зауыт алты айда 3,2 млн тоннадан астам шикі мұнайды өңдеп, ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспарлы көрсеткіштерді 75 мың тоннаға асыра орындағанын жеткізді.

Тауарлық өнім шығару көлемі 3 млн тоннаға жетіп, жоспардан 81 мың тоннаға асты. Автобензин өндіру көлемі 930 мың тоннаны құрап, авиаотын өндірісінің ұлғаюына байланысты жоспардан 4,7 мың тоннаға аз болды. Дизель отынын шығару шамамен 1,2 млн тоннаны құрады — бұл жоспардағы көрсеткіштен 72 мың тоннаға артық. Авиаотын өндірісі 141,5 мың тоннаға жетіп, жоспардан 15,5 мың тоннаға көп болды. Сұйытылған мұнай газын шығару 163 мың тонна деңгейінде тіркеліп, жоспарланған көлемнен 20 мың тоннаға артық орындалды. Бірінші жартыжылдықта битум өндірісі бойынша жоспар 205,5 мың тоннаны құраса, нақты өндіру көлемі 235 мың тоннадан асып түсті.

Есепті кезеңде мұнай өңдеу тереңдігі 94,8% жетті, ал жалпы өндіріс көлеміндегі жеңіл мұнай өнімдерінің үлесі 75,3% құрады. Кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге көшуге дайындық аясындағы кәсіпорынды технологиялық жаңартудың стратегиялық өзегі – «Senim-D» жобасы. Ол мұнайды терең өңдеу өндірісінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайтуға бағытталған. Жоба негізгі қондырғылардың реконструкциясын көздейді. Бүгінгі таңда жобалау кезеңі аяқталды. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде, іргетасты бетондау, металл конструкциялары мен құбырларды монтаждау жүріп жатыр. Кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге көшу үшін зауытта активтерді басқару жүйесі, жабдықтардың жұмысындағы тәуекелдерді бақылау және жасанды интеллект негізіндегі предиктивті сараптама енгізілуде. Бұдан бөлек, есептеуіш құралдарды орнату аймағын кеңейтіп, цифрлық жүйелердің интеграциясын тереңдету жоспарланып отыр. Бұл зауыт қуаты артқан кезде технологиялық желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

 

Жаңғыртудың маңызды кезеңі — дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру. Қазіргі уақытта жабдықтың монтажы аяқталды, құбырларды монтаждау және кабельді төсеу жұмыстары жүргізілуде. Реконструкциялау толық аяқталғаннан кейін ПМХЗ қысқы дизель отынын өндіре алады. Бұл еліміздің солтүстік және шығыс өңірлері үшін аса маңызды. Сонымен қатар дизель отынын гидротазарту қондырғысының жаңартылған қуатын сутегімен қамтамасыз ету үшін сутегі өндірісінің екінші қондырғысын салу бойынша басқа инвестициялық жоба қолға алынды. Гидротазалау процестері үшін техникалық сутегі аса қажет. Кестеге сәйкес риформинг пешінің, түзілетін газдарды қалпына келтіру жүйесінің монтажы жасалып, жер және бетон жұмыстары атқарылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: