Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін Өңірлік экологиялық саммит аясында «Ақтас Энерджи» ЖШС («Самұрық-Қазына» мен TotalEnergies арасындағы бірлескен кәсіпорын) мен жапондық Marubeni Corporation арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жобасы бойынша негіздемелік келісімге қол қойылды.
Құжат «Ақтас Энерджи» ЖШС жобасы бойынша құрылатын Joint Credit Mechanism (JCM) тетігі аясында көміртегі бірліктерін шығару, верификациялау және іске асыруды көздейді. Бұл - көміртегі бірліктерін кейіннен тарату мақсатында Қазақстан мен Жапония Үкіметтерінің қатысуымен JCM Бірлескен комитеті тарапынан Project Idea Note* (PIN) мақұлданған алғашқы пилоттық жоба.
Құжатқа «Ақтас Энерджи» ЖШС бас директоры Илья Чернодаров және Marubeni Middle East & Africa Power Limited бас директоры Кэй Сато қол қойды. «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов және Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қол қою рәсіміне куәгер болды.
Marubeni Corporation — 1858 жылы негізі қаланған және Токиода орналасқан Жапонияның ірі сауда-инвестициялық компанияларының бірі. Компанияның 50 мыңға жуық қызметкері, әлем бойынша 130 кеңсесі бар. Энергетика, инфрақұрылым, өнеркәсіп және жаңартылатын энергия көздері салаларында жобаларды жүзеге асырады.
*Project Idea Note — жобаның сипаттамасын, парниктік газдардың болжалды азайтылатын көлемін бағалауды, сондай-ақ оны іске асырудың негізгі параметрлері мен тәсілдерін қамтитын тұжырымдамалық құжат.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
258
17 апреля 13:02
«Самұрық-Қазына» ҚТЖ-ға негізгі инфрақұрылым жобалары бойынша нақты мерзімдер белгіледі