Главная Новости Полиэтилен өндіретін болашақ зауыттың құрылыс алаңына ірі бағана жеткізілді
29 июля 2026, 17:33 30

Полиэтилен өндіретін болашақ зауыттың құрылыс алаңына ірі бағана жеткізілді

Полиэтилен өндіретін болашақ зауыттың құрылыс алаңына ірі бағана жеткізілді

«ҚазМұнайГаз» еліміздегі ең ірі мұнай-газ химиясы жобасын іске асыруды жалғастыруда. Атырау облысында салынып жатқан болашақ полиэтилен зауытының құрылыс алаңына жобадағы ең ірі тік технологиялық жабдық – фракциялау бағанасы жеткізілді.

Бұл – кешеннің монтаждау алаңына тікелей жеткізілген алғашқы ірі габаритті жабдық. Бағана қазақстандық «АтырауНефтеМаш» кәсіпорнында жасалған. Осындай ауқымды әрі техникалық тұрғыдан күрделі жабдықтың Қазақстанда өндірілуі локализацияны дамытуға маңызды үлес қосады.

Фракциялау бағанасы - пиролиз қондырғысының негізгі элементі. Дәл осы жерде полиэтилен өндіруге арналған негізгі шикізат – этиленді бөлу процесі орындалады.

Бағананың биіктігі 101,8 метр, бұл шамамен 30 қабатты тұрғын үйдің биіктігімен пара-пар, ал салмағы шамамен 1 500 тонна. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жабдық күндізгі уақытта сағатына шамамен 2–4 км жылдамдықпен жеткізілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: