Главная Новости Пойыз билетін қалай алынғанына қарамастан онлайн қайтаруға болады
21 сәуір 2022, 09:12 1803

Пойыз билетін қалай алынғанына қарамастан онлайн қайтаруға болады

Пойыз билетін қалай алынғанына қарамастан онлайн қайтаруға болады

2022 жылдың сәуір айынан бастап жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ төлем әдісіне (қолма-қол/ақшасыз есеп айырысу) және қай жерде сатылғанына қарамастан, барлық электрондық жол жүру құжаттары бойынша орындарды онлайн қайтару функциясын іске  қосты.

Егер жолаушы пойызды қалыптастыру станциясынан жөнелтуге дейін 1 сағаттан кем және электрондық билетте көрсетілген станциядан жөнелтілгеннен кейін 1 сағат өтпесе, орынды онлайн қайтаруына болады.

Орынды қайтаруды рәсімдеу үшін:

  • BILET.RAILWAYS.KZ сайтының басты бетінде «Талап бойынша орынды қайтару» қосымша бетін таңдаңыз.
  • Сайтта барлық қажетті бағандарды толтырыңыз және орынды қайтару туралы түбіртекті жүктеп алыңыз.

Жолаушылар ақшалай қаражаттың жолаушыға электрондық жол жүру құжатын (билетін) сатып алу тәсілі мен орнына байланысты белгіленген тәртіппен қайтарылатынын ескеруі тиіс.

Орындарды қайтару туралы толық ақпаратпен https://bilet.railways.kz/help сайтынан танысуға болады.

Ескертпе:

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін ақша қаражатын қайтару орын сату жүйесіне қайтарылған жағдайда жүргізіледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: