Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жолаушылар пойыздарда жеке заттарын ұмытып кетіп немесе жоғалтып алатын жағдайлар жиі кездеседі. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек және жоғалған заттарды қайтару үшін қайда жүгіну қажет екенін еске салады.
Егер пойыздан шыққаннан кейін вагонда заттарыңызды ұмытып кеткеніңізді анықтасаңыз, келесі нұсқаулықты орындауыңыз қажет:
1) Егер пойыз әлі станцияда болса және оның жөнелтілуіне 10-40 минут уақыт қалса, жолаушы ұмыт қалған заттарын пойыз бригадасының қызметкерлерінен алып кете алады.
2) Егер пойыз кетіп қалған болса, жолаушы ресми @jolaushylar_tasymaly Instagram-аккаунтына немесе WhatsApp нөміріне +7 776 714 5686 арқылы жүгініп, жедел жауап ала алады.
3) Жолаушы сондай-ақ вокзалдың кезекшісіне барып, вагон нөмірін, орны мен ұмыт қалған заттардың сипаттамасын көрсетіп, вокзал бастығының атына өтініш жазып қалдыра алады. Қажет болған жағдайда заттарды өзіне жіберу туралы өтініш жазуға болады.
4) Егер жолсерік ұмытылған заттарды тапса, олар пойыз бастығына беріліп, қалыптастыру пунктіне жөнелтіледі. Заттар вокзалда сақталады және иесіне жеке куәлігін тексергеннен кейін беріледі.
5) Заттарын алған кезде жолаушы барлық шығындарды (сақтау, орау, тасымалдау) төлеу қажет.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға жеке заттарын мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда белгіленген нұсқауларға сәйкес көмекке жүгінуді ұсынады. Жолаушылар тегін «1433» нөмірі арқылы ақпарат ала алады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
92
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
291
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
131
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету