Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Елімізде пойыздардың кешігуі жайлы хабар тарататын «Darmen» қосымшасы 2021 жылы іске қосылған. Қазір бұл қосымшаны 400 мыңнан астам адам пайдаланып отыр.
Алғаш болып бұл қосымшаға Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалы қосылған. Қазір ол еліміздің 19 вокзалын қамтып отыр, Петропавл мен Өскемен қалаларынан өзге барлық 1-класты станцияларға қызмет көрсетеді.
Егер пойыздар кешігетін болса осы мобильді қосымшаны жүктеген жолаушылардың телефонына Push-хабарлама жолданады.
«Darmen» мобильді қосымшасының маркетинг бөлімінің үйлестірушісі Азамат Гимрановтың айтуынша, 2023 жылы қосымша арқылы 7152 рет хабарлама жолданған.
«Біздің қосымша бірнеше бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Соның бірі пойыздардың кешігуі туралы хабарлама жіберу. Мәселен, 2022 жылы «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы 3496 рет хабарлама жіберілсе, 2023 жылы 7152 рет хабарлама жолданған. 2023 жылдың қараша айының соңындағы жағдай бойынша біздің қосымшаны 411 668 адам жүктеп алған», - дейді А. Гимранов.
Пойыздың кешігетіні туралы алдын ала хабарлама жіберу жолаушылар үшін өте тиімді. Соған қарап адамдар уақытын текке өлтірмей, басқа істерін бітіріп алады. Әуежайда ұшақтың кешігуіне байланысты хабар жіберу бұрыннан жолға қойылған. Жолаушылар үнемі «пойыздың кешігетінін өз уақытында хабарлап айтпайсыздар немесе мүлдем хабарлама жібермейсіздер» деп көп шағым айтады. Кейбірі хабар жолдайтын «Darmen» мобильді қосымшасы жайлы біле де бермейді.
Азамат «Darmen» мобильді қосымшасын дамыту жұмыстары үздіксіз жүріп жатқанын айтты.
«Егер қаржыландыру болса пойыз қозғалысын онлайн дисплейден көретіндей етіп, сондай-ақ пойыздарды қадағалау қызметін іске қосуға болады», - дейді ол.
Вокзалдар «Darmen» қосымшасының қызметін қолданғанымен, оны жасаушы компанияға ақы төлемейді. Олар бастапқыда жарнама қағаздарын беріп, соларды вокзал ішіне, кіреберістерге ілуді тапсырған. Бүгінде осы қосымшаны жүктеп алған жолаушылар қай пойыз қанша минутқа кешігетінін алдын ала біліп отырады.
Қосымшаның арнайы бөлімінде «пойыз» немесе «электр пойызы» санатын тауып, содан кейін олардың келуі мен кетуін оңай бақылап отыру жеткілікті. Пойыз кешігіп қалса, бұл туралы жолаушыға хабарланады. Сондай-ақ, азаматтарға ауа райының өзгеруі – тұман, көктайғақ, екпінді жел, қардың жаууы салдарынан көрінудің нашарлауы туралы ескертіледі. Бұл қолданбаны кез келген смартфонға оңай орнатуға болады. Осыдан кейін жолаушылар өздерін жайлы сезінеді, өйткені олар пойыздың қай уақытта және қай бағытта келетінін нақты біле алады.
173
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
340
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
196
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету