Главная Новости Пойызға билет жоқ: «Күту парағы» жүйесінің көмегі
08 шілде 2022, 14:30 2471

Пойызға билет жоқ: «Күту парағы» жүйесінің көмегі

Пойызға билет жоқ: «Күту парағы» жүйесінің көмегі

Жазға қарай пойызға билет табу қиямет-қайымға айналады. Таныстар тарапынан «теміржолға жақын жүрсің ғой, билет тауып берсеңші..» деген өтініш те көбейеді. Өзіміз де көппен бірге онлайн тапсырыс беретінімізді айтып, сонда да болса көмек қолын созуға ұмтыласың. Бірақ ондай кезде жеке адамдарға қолқа салмай, компанияның билет сату сайтындағы «Күту парағы» жүйесінің көмегіне жүгінемін.

Бұл қызметті әзірге қарапайым халық «тани» қоймаған ба, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қанша насихатталса да, оны пайдаланатындар қатары көбеймей тұр. Тіпті өзім де жақында ғана алғаш рет қолданып, «Американы ашқандай» болдым. Бір аптаға билет таппай қысылған танысыма билет алып беріп бұл жүйеге де, өзіме де риза болып қалғаным бар. Сондықтан, көпшілікке осы қызметті таныстырып, пайдалану, билетті рәсімдеу жолын түсіндіріп, «Жолаушы тасымалы» АҚ ұсынып отырған сервистің игілігін көрушілер қатарының артуына ықпал еткім келеді. 

Сонымен «Күту парағының» көмегін алу үшін сіз тек қана ҚТЖ-ның сайтынан жеке логинь, парольмен кабинет ашасыз. Сол кабинетке кіргенде «Күту парағы» жолағын басып, күту парағына өтінім беру батырмасын басасыз. Одан әрі қайдан қайда, қай күні бағыт алатыныңызды көрсетіп, билет іздейсіз. Сол кезде сіз негізгі сайттан іздегенде жоқ болған билеттер осы жерден табылып қалуы әбден мүмкін. Ал мұнда да жоқ болса, әрі қарай барлық деректеріңізді толтырып, телефон нөміріңізді қалдырасыз да, күтесіз. Яғни, сервистік қызметтің аты айтып тұрғандай, билетін кері өткізетіндер болады, содан босаған және басқа да бос орындар туралы хабарлама келеді. Күту парағына өтінімді билет алатын күннен 7 күн бұрын бере аласыз. Одан арыға өтінім қабылданбайды. Байқағаным, көп жағдайда билеттер осы қызмет арқылы табылып жатады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл өткен 5 айда сайт арқылы барлығы 8 млн 543 мың 909 электронды билет сатылған. Соның ішінде онлайн билеттердің үлесі 70 пайыз, демек қазір халық вокзалдағы кассаға бармай-ақ үйде, кез-келген жерде отырып-ақ билет алуға дағдыланды. Ал «Күту парағы» қызметін осы аралықта 96777 адам пайдаланыпты. Соның 66 061-нің өтінімі қанағаттандырылып, 34 212 адам билет сатып алған. Демек, бұл қызметті пайдаланушылар қатары аз да болса өскен. 

Міне, кез келген жолаушы вокзалдағы танысы, компаниядағы туысына қолқа салмай-ақ, көзі ашық, сауатты адам болса ҚТЖ-ның цифрландыру саласын дамытып, адами факторды азайту мақсатында енгізілген жүйесінің жемісін көруіне әбден болады.

Райхан Рахметова,

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: