Главная Новости Пойызға билетсіз жолаушыны мінгізген жолсерік жұмыстан шығарылады
24 шілде 2024, 17:45 642

Пойызға билетсіз жолаушыны мінгізген жолсерік жұмыстан шығарылады

Пойызға билетсіз жолаушыны мінгізген жолсерік жұмыстан шығарылады

ҚТЖ-да билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілеріне нөлдік төзімділік саясаты іске асырылуда.

Компанияда жүйелі жұмыс жүргізілуде, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тарта отырып, тұрақты ішкі тексерулер мен жеке тексерістер жүргізілуде. Осындай жағдайлардың бірі Алматы-2 теміржол вокзалында билеттерді заңсыз қайта сатуды және жасанды тапшылықты анықтаған қызметтік тексеріс болды.

Сондай-ақ, Шымкент станциясындағы тексерулердің бірінде билетсіз жолаушыны тасымалдау фактісі анықталды. «Шымкент – Астана» пойызының жолсеріктері ресми сатып алмаған билетсіз адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келісті.

Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

Ішкі тексерулер елдің барлық вокзалдарында өтуде.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: