Главная Новости Премьер-министр Алматыдағы жайлы мектептердің бірін аралады
12 шілде 2024, 09:27 676

Премьер-министр Алматыдағы жайлы мектептердің бірін аралады

Премьер-министр Алматыдағы жайлы мектептердің бірін аралады

Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында оқушылар мен студенттердің білім алуына жағдай жасау жұмыстарының барысымен танысты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешу бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда.

Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №97 мектеп-гимназиясында болды. Ғимарат бұрынғы апатты жағдайдағы мектептің орнына тұрғызылған. 

Ұлттық жоба аясында салынған алғашқы мектеп жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілмек. Бүгінде нысан 95%-ға дайын, онда әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектепте 945 оқушы білім алатын болады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті орта құрылды. Барлық оқушының өзіндік қажеттіліктерін ескере отырып, заманауи технологиялар енгізу арқылы білім сапасы артады, шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында материалдық-техникалық база жақсартылады.

Елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қосымша 700 мыңнан астам оқушы орны қолжетімді болады.

Үкімет басшысына мектеп ғимаратының құрылысы мерзімінен бұрын жүзеге асырылғаны туралы баяндалды. Ол үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының екі ауысымдық кестесі ұйымдастырылды. Барлық кезеңде орта есеппен 250 адам тұрақты түрде жұмыс істеді. Бүгінде негізгі жұмыстар аяқталып, технологиялық жабдықтармен жарақтандыру жүріп жатыр.

Олжас Бектенов құрылыс жұмыстарының сапасын бақылаудың маңызды екенін баса айтты.

«Алматы мектептерінің шамадан тыс толуы – аса өткір мәселе, сондықтан құрылысты мерзімінен бұрын аяқтау қажет. Бұл ретте алдымен сапаға басымдық берілуі керек. Балаларға арналған инфрақұрылым қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай болуы керек, технологиялық жарақтандырылып, балаларымыздың қолайлы жағдайда білім алуына мүмкіндік беруі тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: