Главная Новости Президент атынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының әйелдеріне мемлекеттік наградалар табысталды
07 марта 2026, 15:56 57

Президент атынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының әйелдеріне мемлекеттік наградалар табысталды

Президент атынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының әйелдеріне мемлекеттік наградалар табысталды

ҚМГ-да Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мұнай-газ саласының дамуына елеулі үлес қосқан әйелдерге мемлекеттік наградалар салтанатты түрде табысталды.

ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов өзінің құттықтау сөзінде өндірісте еңбек етіп жүрген әйелдерге алғыс білдірді. Олардың қажырлы еңбегі мен мамандығына деген адалдығы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жұмысшы әйелдерге берілген мемлекеттік наградалар — бұл сіздердің мұнай-газ саласын дамыту жолында атқарған көп жылғы адал еңбектеріңіздің жоғары бағасы, — деді А.Хасенов.

«Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ №4 мұнай-газ өндіру басқармасы сорғы станциясының машинисі Шуақбаева Айсұлу Қошмаққызы марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:

Белоусова Людмила Матвеевна — «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі

Шегебаева Гүлсім Ізтұрғанқызы — «Oil Services Company» ЖШС «ЖетібайСервис» өндірістік басқармасының еңбекті ұйымдастыру инженері

Оразалиева Алмагүл Абатқызы — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының техник-геологы

Бухаева Жібек Рызабекқызы «Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ мұнай-газ өндіру операторы

Азарян Зинаида Николаевна «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының жетекші инженері

Баспаева Айнұр Танатбергенқызы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» филиалының өнімді жинау, тасымалдау және дайындау жүйесі басқармасының сарапшысы

Өтенова Орынгүл Нұрмұханқызы — «Қаражанбасмұнай» АҚ химиялық талдау лаборанты.

Сонымен қатар мерекелік іс-шара барысында ҚМГ компаниялар тобының ардагерлері мен қызметкерлеріне мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның естелік белгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: