Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев трансұлттық компанияның басшыларымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда сайты.
Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші отырысының қарсаңында Мемлекет басшысы Chevron корпорациясының атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсонмен, Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманмен, сондай-ақ Қазақстанның Канададағы құрметті консулдары – канадалық Cameco уран компаниясының президенті Тимоти Гитцельмен және Condor Petroleum компаниясының президенті Дон Стрюмен жеке-жеке кездесу өткізді.

Джеймс Джонсонмен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа корпорацияның елімізде атқарып жатқан жұмыстарының қазіргі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын тезірек аяқтау мәселесі сөз болды.
Сонымен қатар Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын арттыру мәселесі, Қазақстанда отандық өнімдерді қолдауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған Chevron корпорациясының тікелей инвестиция салатын қорының қызметі талқыланды.

Нил Чапман Мемлекет басшысына Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауыты құрылысының барысы, Теңіз кен орнынан экспортталатын газ көлемін ішкі нарыққа қайта тасымалдау және балама бағыттар арқылы Қазақстан мұнайын жеткізу мүмкіндіктері жөнінде айтты.
Тимоти Гитцельмен және Дон Стрюмен әңгімелесу кезінде Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы сөз болды. Атап айтқанда, Cameco компаниясының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі уран компаниясының жұмысы мен алдағы жоспары жөнінде мәлімет берді. Condor Petroleum компаниясының президенті сұйытылған табиғи газ өндіретін модульді зауыттар салу жоспары жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар «Қазақстан – Канада» іскерлік кеңесінің жұмысы аясында Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларына назар аударылды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
100
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
106
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы