Главная Новости Президент «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдады
05 мамыр 2022, 19:21 1525

Президент «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдады

Президент «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдады

Президентке «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалаудың екінші кезеңінің жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндалды. Бұл кезеңде негізінен портфельдік компаниялардың тиімділігін арттыруға, олардың шығындарын оңтайландыра отырып, нарықтағы құнын ұлғайтуға баса мән беріліп отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру да аса маңызды. 

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына Қордың стратегиялық активтердегі бақылаушылық үлесін сақтай отырып, активтерді жекешелендіру бағдарламасын іске асыруды жалғастыратынын айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына»  акционерлік қоғамының газбен және сумен қамту, көлік және энергетика салаларындағы маңызды жобалары жөнінде мәлімет берілді. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Қор басымдық беретін жобалар тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Қорға қарасты компаниялар тобы қызметінің тиімділігін арттыруға, соның ішінде жобаларды іске асырудың нақты мерзімдеріне және халық алдындағы ашықтықты қамтамасыз етуге байланысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: Ақорда сайты

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: