Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында инфографика жариялады.
Бұл инфографикада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында айтылған міндеттен үзінді берілген: «Әлемде қалыптасқан жаңа ахуалда елге инвестиция тартып, отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару Үкімет үшін ерекше басымдыққа ие болып отыр».
Аталмыш тапсырма бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы құны 1,3 триллион теңге болатын 18 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.