Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесу барысында Балқаштың туристік әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырма берді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
«Жаз маусымында Балқашқа қатынайтын әуе рейстерінің билеттерін субсидиялау мәселесін пысықтаған жөн. Қаланың әуе айлағы ел әуежайларын дамыту бағдарламасына енгізілуі керек», – деді президент.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы қалаға қатынайтын жаңа әуе және теміржол маршруттарын ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
«Осындай кешенді шаралардың арқасында ғана Балқаш ішкі туризмге, ал келешекте халықаралық туризм үшін тартымды орынға айналады. Үкіметке облыс әкімдігімен бірлесіп осы мәселелерді пысықтауды және қаланы дамытудың кешенді жоспары аясында тиісті іс шараларды көздеуді тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ президент елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба жүзеге асырылып жатқанын еске салды.
«Әкімдік Үкіметпен бірлесіп, осы жоба аясында басқа да шағын қалаларда іргелі бастамаларды қолға алуы керек. Экономиканы әртараптандыру ісінде Балқаш өзгелерге үлгі бола алады. Мұнда ірі өнеркәсіп орындарымен қатар туризм саласын өркендетуге зор мүмкіндік бар», – деді мемлекет басшысы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!