Главная Новости Президенттің Брюссельге сапары: «Самұрық-Қазына» халықаралық серіктестерімен бірқатар құжатқа қол қойды
24 июня 2026, 10:30 56

Президенттің Брюссельге сапары: «Самұрық-Қазына» халықаралық серіктестерімен бірқатар құжатқа қол қойды

Президенттің Брюссельге сапары: «Самұрық-Қазына» халықаралық серіктестерімен бірқатар құжатқа қол қойды

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға сапары аясында «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы жетекші шетелдік серіктестермен стратегиялық маңызды бірқатар құжатқа қол қойды.

«Самұрық-Қазына» АҚ, италиялық Maire S.p.A. компаниясы және Италия-Қазақстан сауда қауымдастығы (ACIK) Қазақстанда тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың төмен көміртекті экономиканы дамытуға және еліміздің экологиялық таза авиациялық отын нарығындағы позициясын нығайтуға ықпал ететін жобаны бірлесіп пысықтап, жүзеге асыру ниетін растайды. Меморандумға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Maire президенті Алессандро Бернини және ACIK басшысы Марко Беретта қол қойды.

Air Astana және Airbus (Франция) авиациялық техникалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат Airbus қолдауымен ангар кешендерін салуды, сондай-ақ әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу (MRO) қуаттарын дамытуды көздейді.

«Қазақстан темір жолы» АҚ мен Alstom (Франция) 2029 жылдан бастап сатып алу жоспарланған KZ6A сериялы 205 электровозға сервистік қызмет көрсету туралы келісім жасасты. Жоба 2061 жылға дейін есептелген және Астана, Арыс, Шу және Алматы қалаларында іске асырылады.

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ, румыниялық Nuclearelectrica компаниясы және «Бухарест Политехникасы» ұлттық ғылым және технологиялар университеті атом саласындағы тәжірибе мен үздік шешімдерді алмасуға, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары мен кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға арналған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС мен Genesis Oil & Gas Consultants Limited (Нидерланд/Ұлыбритания) Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге арналған келісімшартқа қол қойды.

«Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС (Франция) мен «Силлено» ЖШС техникалық газдарды жеткізу және сатып алу туралы шартқа қол қойылғанын жариялады. Жоба аясында Атырау облысында болашақ полиэтилен кешенінің қажеттіліктері үшін азот өндіретін ауа бөлу қондырғылары салынады.

Сондай-ақ, қуаты 200 МВт болатын «Мирный» жел электр станциясына арналған жел турбиналарын жеткізу туралы келісімге қол қойылғаны жарияланды. 2028 жылға дейін Қазақстанда әрқайсысының қуаты 8 МВт болатын 26 жел энергетикалық қондырғысы өндіріліп, жеткізіледі.

Құжаттарға «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» дөңгелек үстелі аясында қол қойылды. Олар өнеркәсіпті, энергетиканы, көлік инфрақұрылымын, адами капиталды дамытуға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: