Главная Новости QAZAQ AIR: әуедегі 6 жыл
03 қыркүйек 2021, 12:41 1143

QAZAQ AIR: әуедегі 6 жыл

QAZAQ AIR: әуедегі 6 жыл

2021 жылы 27 тамызда QAZAQ AIR Әуе компаниясына 6 жыл толды. Бұл қысқа мерзімде Әуе компаниясын дамыту мен жергіліктендіруде ауқымды жұмыстар атқарылды. QAZAQ AIR – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қауіпсіздігі мен қолжетімділігін жоғары халықаралық және ұлттық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес арттыру мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрған өңіраралық әуе компаниясы. Басты миссиясы – Қазақстан Республикасының өңірлерін біріктіре отырып, олардың экономикалық дамуына үлес қосу.

QAZAQ AIR әуе флоты Қазақстан әуе компаниялары арасындағы ең жасы болып келеді және Канадада жасалған заманауи, жайлы De Havilland Dash-8-Q400NG турбовинтті лайнерлерінен (бұрын Bombardier Q400 ретінде белгілі болған) тұрады. Бұл ұшақ қысқа қашықтыққа пайдалану кезіндегі бірқатар айқын артықшылықтарға ие. Оның басты жетістіктері – үнемділігі, жылдамдығы, ұшу ұзақтығы мен жолаушылар сыйымдылығы. De Havilland Dash-8-Q400NG өңірлік авиация үшін таптырмас әуе кемесі және бүкіл әлемде бұл бағытта кеңінен қолданылады.

Әуе компаниясының даму стратегиясы келесі бағыттарда жүзеге асырылады:

  • ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
  • маршрут желісін кеңейту;
  • шекаралас өңірлерге халықаралық әуе маршруттарын ашу;
  • жергіліктендіруге көшу және өзіндік кадр ресурстарын дамыту.

2015 жылы 27 тамызда QAZAQ AIR Әуе компаниясының алғашқы рейсі жасалды. Осы жылы Алматыны Павлодар, Шымкент, Қостанаймен, Шымкентті Ақтөбе мен Павлодармен, Ақтөбені Атырау мен Қостанаймен жалғайтын рейстер іске қосылды. 2015 жылы 4 айда Әуе компаниясы 30 мыңнан астам жолаушы тасымалдады. QAZAQ AIR даму тарихы дәл осы сәттен бастау алады.

2016 жыл

Әуе компаниясы 5 жаңа маршрутты іске қосты. Оның қатарында Атыраудан Орал мен Ақтауға қатынайтын тұрақты рейстер бар. Орал – елдің батыс бөлігіндегі маңызды экономикалық орталық болса, енді оның мұнайдың басты орталығы – Атыраумен ыңғайлы әуе байланысы бар. Қазақстандық тәжірибелі ұшқыштар қызметке алынып, олар Әуе компаниясының кемелерін басқару үшін қайта оқытылды. Билет сату мүмкіндігіне ие қазақстандық ірі туристік онлайн-агенттіктер біріктірілді.

2017 жыл

Жолаушылар саны 251 мыңнан асып, маршрут желісін белсенді дамыту жұмыстары жалғасын тапты. Жаңа 6 бағыт ашылды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан әуежайынан шығатын маршрут желісі 7 бағытқа дейін артты: Алматы, Шымкент, Жезқазған, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Павлодар қалаларына. Алматыдан Қырғызстандағы Ыстықкөл әуежайына қатынайтын халықаралық чартерлік рейстер бағдарламасы орындалды.

2018 жыл

Компания өндірістік қауіпсіздікті сертификаттаудан сәтті өтіп, Әуе транспортының халықаралық қауымдастығының (IATA) IOSA-сертификатына ие болды. Әуе компаниясының қосымша қызметтерінің тізімі кеңейтілді, оларға (ұшақ салонында орын таңдау, үй жануарларын тасымалдау және тағы басқа) онлайн тапсырыс беріп, төлем жасауға болады.

2019 жыл

Флот екі жаңа әуе кемесімен толықты. QAZAQ AIR Әуе транспортының халықаралық қауымдастығының (IATA) 293-мүшесі болды. Компания бұл қауымдастықтың пайдалану қауіпсіздігі бойынша IOSA (IATA Operational Safety Audit) талаптарына сәйкестікке 2-аудитінен сәтті өтті. Нұр-Сұлтан қаласында өңіраралық хаб құру туралы шешім қабылданып, ол арқылы барлық өңірлерді астанамен байланыстыруға және транзиттік маршруттарды дамытуға жол ашылды. Бұл шешім авиациялық индустрияның әрі қарай дамуына оң ықпал етіп, қазақстандықтардың ел ішінде қолжетімді бағамен сапар шегуін жеңілдетті.

2020 жыл

Әуе компаниясы толықтай Нұр-Сұлтан қаласына көшті. Әуе билеттерін брондау жүйесі мен flyqazaq.com веб-сайты жаңартылып, жиі ұшатын жолаушылар үшін IQ Bonus бейілділік бағдарламасы іске қосылды. Бір бағытта тиімді сапарларды ұйымдастыру мақсатында «Іскери әуе билеті» қызметі енгізілді. 16-22 жас аралығындағы және 60 жастан асқан жолаушыларға тиімді саяхаттау үшін арнайы жеңілдігі бар тариф әзірленді.

2021 жыл

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 278 мың жолаушы тасымалданып, 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім 88% көрсеткішке ие болды. 2015 жылдан бастап жолаушылар тасымалы оң динамиканы көрсетіп отыр.

Жолаушылар тасымалының айтарлықтай өсімі – QAZAQ AIR бортымен ел бойынша ұшудың жайлылығы мен ыңғайлылығына қазақстандықтардың берген бағасы деп білуге болады. Елордада өңіраралық қолайлы түйісу ұйымдастырылып, бұл жолаушылардың жаңа ұшаққа жылдам мінуімен бірге ұзақ түйісу кезінде жолаушылардың қаланы аралауына да мүмкіндік береді. Мұндай билеттерді flyqazaq.com веб-сайтында рәсімдеуге болады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында өңіраралық хабтың құрылуына байланысты жаңа маршруттық желі өз мақсаттық қуаттылығына қол жеткізді. Ұшу тиімділігі де артты: ұшақ сапарлары мен тұрақты әуе маршруттарының саны артты. 

Әуе компаниясының маршруттық желісі 18 бағыттан тұрады. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы негізгі өңіраралық хабпен байланысқан. Бұл өңірлік ішкі бағыттарды сәтті дамытуға мүмкіндік береді.

Бүгінде авиациялық техниканы жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету бойынша өзіндік сертификаттау ұйымы жұмыс істейді. Биыл Әуе компаниясын Қазақстан Авиация әкімшілігі пайдаланудағы әуе кемесінің De Havilland Dash-8 400 типі бойынша авиациялық техниканы жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету бойынша сертификаттады. Барлық ұшақтар қазақстандық тіркеуге өтіп, жаңарған UP авиациялық префиксін (Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің мемлекеттік тану белгісін) иеленді.

Жедел дамып келе жатқан QAZAQ AIR Әуе компаниясы қауіпсіздіктің, қолайлылықтың және сервистің жоғары халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету мақсатында кәсіби мамандар командасын кеңейтіп жатыр. QAZAQ AIR жұмысшылары компанияның басты активі саналады. Әуе компаниясы үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін қызметкерлерді басқару жүйесін құруға ұмтылады.

6 жылғы қызметтің нәтижелерін қорытындылай келе QAZAQ AIR өз бизнесін жергіліктендіріп, штаттық командасын дамытып, жаңа қолайлы сервистерді енгізетін және Қазақстан іші мен жақын шетелде жолаушылардың әуе тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру үшін маршруттық желіні оңтайландыруды жүзеге асыратын қазақстандық компанияның үлгісін көрсетіп отыр. Компания үшін басты басымдық – өз жолаушыларының қауіпсіздігі.

QAZAQ AIR қауіпсіздік бойынша жоғары деңгейлі халықаралық және ұлттық стандарттар бойынша қолжетімді өңіраралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру бойынша өз мақсатынан айнымайды. Әуе компаниясы алдында өңіраралық жолаушылар ағынын жаһандық маршруттармен бірте-бірте біріктіру үшін тұрақты желілік траффикті қалыптастыру міндеті тұр. Өндірістік қызметті оңтайландыру мен активтердің тиімділігін арттыру басым маңызға ие. Әуе компаниясының Директорлар кеңесі мен менеджменттің оң жұмысы QAZAQ AIR уақытылы, салмақты және стратегиялық маңызды шешімдерді қабылдау мен ұйымдастырушылық даму бойынша өз тиімділігін көрсетті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: