Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
QAZAQ AIR әуекомпаниясының қызметкерлері «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясына қатысып, Астанадағы «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық ғарыш орталығының аумағына ағаш көшеттерін отырғызды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан бұл шара бүкіл ел аумағында 11 мамырға дейін жалғасады.
«Қазақстан аумақтарын көгалдандыру және тазалау шаралары тек экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен бірге қоғамның ынтымақтастығын нығайтуға да ықпал етеді. QAZAQ AIR әуекомпаниясы қызметкерлерінің сенбілікке қатысуы олардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтындығын және болашақ ұрпақ үшін табиғатты қорғауға өз үлесін қосып келе жатқанын айғақтайды»,-деді Басқарма Төрағасының м.а. Нұрлан Жақыпов.
QAZAQ AIR экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайды. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, сондықтан аумақты көгалдандыруға қатысу және аумақтың тазалығын қолдау – әрбір тұрғынның азаматтық ұстанымы болып табылады. Таза және жасыл қала – ұлт денсаулығы мен әл-ауқатының кепілі.
«Мен ашық таза ауада серуендеуді жақсы көремін, сондықтан мен үшін қаланың келбеті мен тазалығы маңызды. Бірнеше жыл бұрын бізде жасыл аймақтар жеткіліксіз болды, дегенмен жүйелі жүзеге асырылып келе жатқан көгалдандырудың арқасында олар көбейіп келеді. Қала күн сайын көз алдымызда жайлы және тартымды болып келеді. Бұл ең алдымен әрқайсымыздың табиғатқа деген көзқарасымызға байланысты. Біз табиғатқа ұқыпты қарауымыз керек», - деп атап өтті қатысушы Зарина Дәвлетбаева.

Әуекомпания қызметкерлері сенбіде белгіленген уақытта жиналып, ағаш отырғызуға белсенді қатысты. «Нұра» ауданының әкімдігі сенбілікті өткізу үшін қажетті құралдар ұсынды. Ашық ауада жұмыс істегеннен кейін қатысушылар шағын бейрейсми демалыс ұйымдастырды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
162
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету