Главная Новости QAZAQ AIR Астанадан Үржарға тұрақты рейстерді орындай бастайды
30 мамыр 2024, 16:27 1245

QAZAQ AIR Астанадан Үржарға тұрақты рейстерді орындай бастайды

QAZAQ AIR Астанадан Үржарға тұрақты рейстерді орындай бастайды

2 маусымнан бастап QAZAQ AIR әуекомпаниясы Астана – Үржар – Астана бағыты бойынша тұрақты рейсті орындай бастайды.

Енді қазақстандықтар елордадан Үржарға аптасына 4 рет ұша алады:

Жұма және жексенбі күндері:

  • IQ 505 Астана (08:25) - Үржар (10:10)
  • IQ 506 Үржар (10:50) – Астана (12:15)

Сейсенбі, бейсенбі күндері:

  • IQ 505 Астана (12:55) - Үржар (14:20)
  • IQ 506 Үржар (14:50) – Астана (16:15)

«Өңіраралық әуе қатынасын дамыту – Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді», - деп хабарлайды әуекомпания баспасөз қызметі.

Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша тұрақты рейстер заманауи De-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалатын болады.

Әуебилеттерінің құны бір бағытқа 25 000 теңгеден басталады. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қол жүгі мен багажды тасымалдау нормасы таңдалған тарифке байланысты. Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінен брондауға және сатып алуға болады. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: