Главная Новости Qazaq Air билеттердің күзгі сатылымын жариялады
31 шілде 2024, 12:52 673

Qazaq Air билеттердің күзгі сатылымын жариялады

Qazaq Air билеттердің күзгі сатылымын жариялады

QAZAQ AIR әуе компаниясы 31 шілдеден 2 тамызға дейін Қазақстан бойынша ұшуға арналған әуебилеттердің күзгі сатылымын жариялайды. Ел тұрғындары мен қонақтарының әуебилеттерді төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігі бар.

Әуе билеттерді 15 қыркүйектен 26 қазанға дейін орындалатын рейстерге сатып алуға болады.

Жеңілдік келесі рейстерде қарастырылған:

  • Алматы-Қызылорда, билет құны 12 000 тг. басталады,
  • Алматы – Өскемен, билет құны 15 000 тг. басталады,
  • Жезқазған-Шымкент, билет құны 15 000 тг. басталады,
  • Атырау-Ақтөбе, билет құны 11 000 тг. басталады,
  • Атырау-Орал, билет құны 10 000 тг. басталады,
  • Астана-Ақтөбе, билет құны 16 000 тг. басталады,
  • Астана-Алматы, билет құны 16 000 тг. басталады,
  • Астана-Жезқазған, билет құны 11 000 тг. басталады,
  • Астана-Қостанай, билет құны 11 000 тг. басталады,
  •  Астана-Қызылорда, билет құны 14 000 тг. басталады,
  • Астана-Талдықорған, билет құны 13 000 тг. басталады,
  • Астана-Өскемен, билет құны 14 000 тг. басталады.

«Бір бағыттағы тариф бағасының қүны 15 000 теңгеден басталады.  Науқан бойынша орындар саны шектеулі екенін хабарлаймыз. Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан, сату кеңселерінде және әуекомпанияның колл-орталығы арқылы бүгіннен бастап сатып алуға болады», – деп атап өтті әуекомпанияның ресми өкілі Ақбота Орынбаева.

Күз мезгілі – еліміздің ұлан-ғайыр даласының күзгі пейзаждарды тамашалауға, жаңа қалаларға ұмытылмас саяхат етуге қолайлы кезең екенін еске саламыз.

QAZAQ AIR баспасөз қызметі

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: