Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
QAZAQ AIR әуекомпаниясы IOSA (IATA Operational Safety Audit) Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының эксплуатациялық қауіпсіздігі бойынша төртінші аудитті өтті. Жаңа сертификат 2024 жылдың қараша айына дейін жарамды болады. Алғашқы рет әуе компаниясы IOSA аудитін 2017 өткен болатын.
IOSA эксплуатациялық қауіпсіздік бойынша аудит әуекомпанияларда өндірісті басқару және бақылау жүйелерін бағалауға әзірленген тексерудің халықаралық жүйесі болып табылады.
Аудит барысында компания қызметінің барлық салаларындағы құжаттама және мыңға жуық IOSA стандарттарының орындалуы расталды. Оларға ұйымдастыру мен басқарудың корпоративтік жүйелері, ұшу сапарларын орындау, ұшу сапарларын басқару және диспетчерлік қызмет, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, борттағы қызмет көрсету, әуе кемелеріне жерде қызмет көрсету, жүктермен орындалатын операциялар және авиациялық қауіпсіздік жатады.
«QAZAQ AIR жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қауіпсіз тасымалдаушы екенін растады. Біз ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті басқару жүйелерін үздіксіз жетілдіруге көп көңіл бөлеміз. Компания қызметкерлерінің кәсібилігі мен еңбекқорлығының арқасында қайта сертификаттау сәтті өтті», – QAZAQ AIR Басқарма Төрағасы Еркін Наурызбаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдан бері QAZAQ AIR әуе флотында UP (Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің мемлекеттік тану белгісі) жаңартылған қазақстандық тіркеу бар. Әуе флотына компанияның өз техникалық станциясы қызмет көрсетуде. Сондай-ақ QAZAQ AIR әуе кемелері әр 8000 сағат сайын Канада, Германия және БАӘ сертификатталған авиациялық қызмет көрсету орталықтарында күрделі жөндеуден өтеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
31
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»
56
08 декабря 12:24
В Кокшетау строят современную ТЭЦ на технологиях «чистого угля»
98
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады