Главная Новости Qazaq Air «Іскери әуе билеті» пакетіне Астана – Жезқазған бағыты бойынша тарифтерді қосады
13 қыркүйек 2024, 17:47 567

Qazaq Air «Іскери әуе билеті» пакетіне Астана – Жезқазған бағыты бойынша тарифтерді қосады

Qazaq Air «Іскери әуе билеті» пакетіне Астана – Жезқазған бағыты бойынша тарифтерді қосады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы бизнес-саяхатшыларға арналған арнайы пакеттің Астана — Жезқазған бағытымен толықтырылғаны туралы хабарлайды. Бұл жиі саяхаттайтын жолаушыларға сапарларын тиімді әрі ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік беретін бірегей ұсыныс.

«Іскери әуе билеті» ұсынысы шеңберінде жолаушылар шектеулі уақыт ішінде белгіленген тарифтер бойынша ұшу пакетін сатып ала алады:

  • Таңдалған бағыт бойынша екі рет ұшу (4 сапар) пакеті екі айға жарамды.
  • Таңдалған бағыт бойынша төрт рет ұшу (8 сапар) пакеті төрт айға жарамды.

Пакет маршруттары:

  • Астана-Алматы-Астана (бір бағытқа ұшу құны 23 000 теңгеден бастап)
  • Ақтөбе-Атырау-Ақтөбе (бір бағытқа ұшу құны 16 000 теңгеден бастап)
  • Астана-Ақтөбе-Астана (бір бағытқа ұшу құны 23 000 теңгеден бастап)
  • Астана-Жезқазған-Астана (бір бағытқа ұшу құны 18 000 теңгеден бастап)

Ұсыныстың артықшылықтары:  

  • Сатып алу кезінде тек бірінші ұшу күнін анықтау керек. Қалған билеттер ашық күнмен ресімделеді;
  • Жол жүру билетіне неғұрлым көп рейстер қосылса, бір сапар тарифі соғұрлым төмен болады;
  • 23 кг-ға дейінгі багажды тегін тасымалдау әуе билетінің құнына кіреді.

Толығырақ ақпаратты www.flyqazaq.com сайтынан, +7 727 356 14 14 байланыс орталығына телефон шалу арқылы немесе info@flyqazaq.com электрондық поштасы арқылы білуге болады.

QAZAQ AIR қазақстандық әуетасымалдаушы канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерацияланған заманауи ұшақтарында өңірлік және халықаралық маршруттар бойынша сенімді әуе қатынасын қамтамасыз етеді. Әуекомпания «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік авиакомпаниялары» номинациясы бойынша  2023 жылы үздік үштікке енді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: