Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстанның өңіраралық әуетасымалдаушысы QAZAQ AIR кезекті рет Skytrax 2024 World Airline Awards – «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуекомпания» халықаралық сыйлығы номинациясында үштікке кірді.
«Біз Орталық Азия мен ТМД-дағы жолаушыларымызға QAZAQ AIR әуекомпаниясының нәтижесін жоғары бағалағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Әуетасымалдау қызметтерін пайдаланушылар әуекомпаниялардың сайттарын, рейстерге тіркелу мен қонуды, борт салонының тазалығын, бортсеріктердің сыртқы келбеті мен қызмет көрсетуін, тамақтану сапасын, креслолардың жайлылығын және т.б. Факторларды бағалады. Аталған номинацияда біз Әзірбайжан мен Өзбекстанның ұлттық әуетасымалдаушылары нан кейінгі орынға ие болдық. Бұл - біздің жоғары білікті мамандарымыздың нәтижелі жұмысының көрсеткіші деп білеміз. Біздің мақсатымыз - өңіраралық әуетасымалдау қызметтерін одан әрі жақсарту, сондай-ақ ішкі рейстерді халықаралық стандарттарға сай орындауға бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әділбек Өміралиев.
Skytrax World Airline Awards бейресми «Авиациялық Оскар» мәртебесіне ие. 1999 жылдан бастап оны жыл сайын Ұлыбританияның Skytrax консалтингтік агенттігі – әуекомпаниялар мен әуежайлардың қызмет сапасының жетекші жаһандық бағалаушысы марапаттайды. Бүкіл әлем бойынша саяхатшылар сыйлықтың жеңімпаздарын анықтау үшін әуекомпаниялардың жолаушыларды қанағаттандыруы туралы ең үлкен сауалнамаға қатысады.
Сауалнама жүргізу және марапаттау бойынша барлық шығындарды Skytrax төлейді, әуекомпаниялар тіркеу жарналарын төлемейді. Жолаушыларға онлайн сауалнама 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың мамырына дейін ағылшын, француз, испан, орыс, жапон және қытай тілдерінде жүргізілді. Сауалнамаға 100-ден астам елдің жолаушылары қатысып, 350-ден астам әуекомпанияның қызметін бағалады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
125
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»