Главная Новости Qazaq Air Тюменьге жолаушы тасымалдайды
22 қараша 2022, 16:15 579

Qazaq Air Тюменьге жолаушы тасымалдайды

Qazaq Air Тюменьге жолаушы тасымалдайды

QAZAQ AIR 2022 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Тюмень қаласына жаңа бағыттың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Бұл компанияның маршруттық желіні кеңейтудегі тағы бір маңызды қадамы. QAZAQ AIR Астанадан Тюменьге халықаралық рейсін аптасына 2 рет жиілікпен орындайтын болады. Сондай-ақ, компания Алматы, Шымкент, Қостанай және Жезқазған қалаларынан Астана арқылы Тюменьге ыңғайлы тоғысу рейстерін ұсынады.

Ұшулар келесі кесте бойынша de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи, жайлы әуе лайнерлерінде жүзеге асатын болады:

Сәрсенбі (жергілікті уақыт бойынша):

  • IQ 523 Астана 18:45 – Тюмень 19:30
  • IQ 524 Тюмень 20:20 – Астана 23:15. 

Жексенбі күндері:

  • IQ 523 Астана 19:15 – Тюмень 20:10
  • IQ 524 Тюмень 21:00 – Астана 23:45. 

Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан немесе өз қалаңыздың әуе кассаларынан сатып алуға болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: