Главная Новости Qazaq Oil 2023 жылы 380 жанар-жағармай станциясын жаңартады
10 қазан 2022, 16:00 990

Qazaq Oil 2023 жылы 380 жанар-жағармай станциясын жаңартады

Qazaq Oil 2023 жылы 380 жанар-жағармай станциясын жаңартады

Қазірдің өзінде 219 бекет жөндеуден өткізілген. Оған 40 млрд теңге жұмсалды.

Аталған жобаны аяқтау үшін компания тағы 25 млрд теңге бөледі. Осыдан бірер күн бұрын елордада жаңа стансалардың бірі ашылды. Бірақ ол басқа бекеттерден өзгеше. Бұл – Qazaq Oil компаниясының жаңартылған жанармай құю стансасын ашу сәтінен бір көрініс.

Дәл осы бекет басқаларынан ерекше. Ішінде үйренген дүниелерден бөлек атақты жазушы Сәкен Сейфулиннің бейнесі салынып, оның туындыларының атаулары жазылған. Бұдан былай компания әр өңірде осындай дәстүр енгізбек.    

"Біздің міндетіміз – қазақтың белгілі тұлғарының атын шығару. Әр аймақта қазақтың ірі тұлғаларының туып-өскен жерлері бар. Әр аймақта кем дегенде 1 станция болғанын қалаймыз", – деді Qazaq Oil компаниясының бас директоры Төлеміс Шотанов.

Бұл станса Республика даңғылы мен Сәкен Сейфуллин көшесінің қиылысында орналасқан. Атақты жазушының шөбересі де салтанатты шарадан қапы қалмай, көрсетілген көмек үшін Qazaq Oil компаниясына алғысын білдірді.

"Бүгін ерекше күн. Мен өте қуаныштымын. Бір жұмадан кейін Сәкен атамыздың туған күні. Аруақтар қолдайды. Qazaq Oil компаниясының басшылығына рақмет", – деді Сәкен Сейфуллиннің шөбересі.

Qazaq Oil компаниясында барлығы 381 жанармай құю стансасы бар. Олардың жартысынан көбі жаңартылған. Қалғандарын жөндеуден өткізу үшін 25 млрд теңге бөлінбек. Ал дәл мынадай станса жасақтау үшін 600 млн теңге жұмсалды.
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: