Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
1-31 қазан аралығында «QazaqGaz Aimaq» АҚ елімізде табиғи газ тұтынатын 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану бойынша айлық өткізді.
Бұл іс-шаралар кешені тұтынушыларға газбен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін тағы бір рет еске салу үшін тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Айлықтың мақсаты – газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу. Өндірістік филиал қызметкерлері жүргізетін барлық іс-шаралар тұрғындарды тұрмыстық газ құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерінің талаптарымен таныстыруға бағытталған.
Айталық, осы қазан айында республика бойынша қауіпсіздікті сақтауға шақырған бейнеролик 1 217 рет жергілікті телеарналарда көрсетілген. Ал, арнайы рейдтер саны қазан айында 349-ды құрады. Сонымен қатар, БАҚ-та (телеарналар, ақпарат порталдар мен басылымдар) жарияланған материалдар саны 94 болса, тұрғындарға жиыны 91 173 қауіпсіздік ережелер жадынамасы таратылған. Бұл – жылыту маусымы басталар алдындағы үгіт-насихат шараларының жиынтық есебі.
Айлықты өткізу кезінде «QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметкерлері газ желілері мен аспаптардың жай-күйіне, оларға техникалық қызмет көрсету сапасына күшейтілген бақылауды жүзеге асырады. Газ қызметкерлері тұтынушыларға газ аспаптарын қауіпсіз пайдалану туралы парақшалар-жадынамалар таратады, оқу орындарында дәрістер өткізеді, тұтынушылардың газды пайдалануы кезінде жазатайым оқиғаларға жол бермеу мәселелерін талқылау мақсатында газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді орындайтын мердігер ұйымдармен кеңестер ұйымдастырады, сондай-ақ өңірлердің ТЖД-мен бірлесіп жоспарлы негізде қауіпсіздік бойынша рейдтер жүргізіледі.
Көбінесе жазатайым оқиғалар – жарылыстар, өрттер мен уланулар халықтың газ аспаптарымен ұқыпсыз пайдалануынан және оларды пайдаланудың қарапайым ережелерін сақтамауынан туындайды. Ережелер мен сақтық шаралары қарапайым, оларды ұмытпаңыз және газды қолданған кезде әрқашан сақ болыңыз!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы