Главная Новости QazaqGaz Aimaq компаниясында газ апатын анықтау үшін дрондар қолданылады
18 мая 2026, 11:26 45

QazaqGaz Aimaq компаниясында газ апатын анықтау үшін дрондар қолданылады

QazaqGaz Aimaq компаниясында газ апатын анықтау үшін дрондар қолданылады

QazaqGaz Aimaq өнеркәсіп қауіпсіздігін арттыру мақсатында газ желілерін қашықтан бақылайтын технологияларды енгізіп жатыр.

Осындай құралдардың бірі — BL-CH4 метан лазерлік детекторымен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараты. Аталған дрон газ құбырларын әуеден тексере алады, яғни лазер сәуленің жұтылуы арқылы метанның бар-жоғын анықтайды. Бұл газдың шығуын құбырды тексерместен анықтауға және оның орнын қашықтан дәл белгілеуге мүмкіндік береді.

Мұндай тәсіл инфрақұрылымның жай-күйін жедел бақылауға және газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға көмектеседі. Бұл — газ инфрақұрылымын цифрландыру және дамыту бойынша жұмыстардың бір бөлігі ғана. Бұдан бөлек, компания деректерді қашықтан жіберетін 1,3 миллионнан астам смарт-газ есептегішін орнатып, «толықтай дайын» форматтағы кешенді цифрлық жүйе құрып жатыр. Жоба Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде іске асырылуда.

Сондай-ақ, елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы жобалар аясында Алматы облысындағы Дәулет және Қостанай облысындағы Диевка ауылдарына газ тартылды. Нәтижесінде Дәулет ауылында 300, Диевка ауылында 365 үйге табиғи газ қосылды. Қостанай облысындағы жобаны «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландырды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: