Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Компания 2025 жылы IPO-ға шығады деп жоспарланған.
Ашық НҚА порталында QazaqGaz ұлттық компаниясы акцияларының 25 пайызын стратегиялық нысандар тізімінен шығару туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Компания акцияларының дәл осы бөлігі 2025 жылы IPO-ға шығарылады, деп хабарлады Информбюро порталы.
«QazaqGaz АҚ акциялары пакетінің 25%-ын стратегиялық объектілер тізбесінен алып тастаудың мақсаты – кейіннен оларды IPO-ға шығару жобасын қабылдау» делінген қаулы жобасында.
Биыл шілдеде Қазақстанда газ саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданған болатын. Жоспарға сәйкес, тауарлық газ өндірудің инвестициялық тартымдылығын арттыру басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған.