Главная Новости QazaqGaz басшысы апаттық-диспетчерлік қызметтің штаттан тыс жағдайларға дайындығын тексерді
25 қараша 2024, 12:29 48

QazaqGaz басшысы апаттық-диспетчерлік қызметтің штаттан тыс жағдайларға дайындығын тексерді

QazaqGaz басшысы апаттық-диспетчерлік қызметтің штаттан тыс жағдайларға дайындығын тексерді

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «QazaqGaz Aimaq» Астана өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметінің (АДҚ) жұмысын тексерді. Халықты газбен үздіксіз және қауіпсіз қамтамасыз етуде апаттық-диспетчерлік қызмет маңызды рөл атқарады.

Санжар Жаркешов апаттық-диспетчерлік қызметтің техникалық жарақтандырылуымен, шұғыл шақыруларды өңдеу және жедел әрекет ету жүйесімен танысты. Ол мамандардың кәсібилігін жоғары бағалап, жылыту маусымындағы ең жоғары жүктеме кезінде олардың жұмысының маңыздылығын атап өтті.

«Апаттық-диспетчерлік қызмет – біздің компанияның жүрегі. Қазақстан бойынша 1000-ға жуық адам жұмыс істейді, оның ішінде диспетчерлер, инженерлер, слесарь мамандары мен көлік жүргізушілері бар. 2024 жылдың 9 айында әріптестеріміз газ ақауларына қатысты келіп түскен 46 мыңнан астам өтінішті өңдеді», - деді Санжар Жаркешов.

Бұдан басқа, QazaqGaz басшысы энергетикалық қамтамасыз ету қызметін көрсететін «Энергетикалық компания» ЖШС барды. Санжар Жаркешов жеке өндірісі бар өнеркәсіп нысанының жұмысымен танысты. Айта кетейік, компания өткен жылдың желтоқсанында газ жүйесіне қосылған. Көгілдір отынды технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланады.

Басқарма төрағасы жуырда ғана газ жүргізген қала тұрғынының үйіне барды. Астанада 11 812 абонент газбен қамтылған, газдандыру көрсеткіші 92 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, Санжар Жаркешов қазақстандықтарды тұрмыста газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін тағы бір ескертіп өтті.

Орын алатын апаттардың негізгі себептері – мұржаның тартпауы, желдету құбырлары мен саңылаулардың жабық тұруы, газ құрылғыларында автоматиканың болмауы, газ жабдықтарын қараусыз қалдыру және тұрақты техникалық қызмет көрсетуге салғырт қарау. Газды пайдалану ережелерін сақтамаудың салдары қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

Айта кетейік, 2024 жылдың қазанында «QazaqGaz Aimaq» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметінің слесарі Ермахан Манқараев Шымкент қаласында екі кішкентай баласы бар отбасын көмірқышқыл газынан уланудан аман алып қалған еді. Дәрігерлердің айтуынша, отбасы көмірқышқыл газынан қатты уланып, ауруханаға түскен. Слесарь маманның алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудегі сауатты әрекетінің арқасында отбасы аман қалды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: