Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Маңғыстау облысына сапары аясында «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық газ тасымалдау құбырына жасалып жатқан кешенді жөндеу барысымен танысты. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
«Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық газ тасымалдау құбыры 40 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Айта кетейік, коррозиялық белсенді топырақтың әсері құбырдың тозуына әкеледі, газ құбырлары қабырғасының қалыңдығы төмендейді, ақаулар пайда болады. Сонымен қатар, циклдік жүктемелер металдың және дәнекерленген қосылыстардың беріктік сипаттамаларына теріс әсер етеді, бұл жүйенің істен шығу қаупін арттырады.

Өз кезегінде, газ құбырының кешенді жөндеуі Маңғыстау облысы, Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен ірі өнеркәсіптік орындардың газ тасымалдау жүйесінің беріктігін арттырады.
Күрделі жөндеу жұмыстарының барысында 282 құбыр толығымен ауыстырылып, тазарту құрылғысын іске қосу-қабылдаудың 6 камерасын жаңғыртып, құбырлардың электр химиялық қорғауы да жаңасына ауыстырылады. Күрделі жөндеу жұмыстарына 14 млрд теңге бөлінген, 60 жұмыс орны құрылған.

Жөндеу жұмыстарын аяқтап, нысанды осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Айта кету керек, объектінің маңыздылығын ескерген мердігер жұмысты жоспарланған күнтізбеден ертерек орындап жатыр. Бүгінгі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары 85 пайызға орындалды. Құбырлар өз уақытында жеткізілді, төрт кранның монтажы жасалды.
Санжар Жаркешов Ұлттық компания магистральдық газ құбырларының берік болуын әрі ұзақ уақыт жұмыс істеуін басты назарда ұстайтынын жеткізді. Оның ішінде желілік бөлікті кезең-кезеңмен жаңарту әдістемесі қолданылады. Бұл тәсіл газ тасымалдау жүйесінің сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»