Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен ҚР «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов серіктестік туралы келісімге қол қойды. Тараптар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен таза энергияға көшудегі маңызды құжатын бірлесіп жасайды.
Ұлттық компания басшысы кездесуге қатысушыларға QazaqGazдың жаңа стратегиясы мен бастамаларын, сондай-ақ жергілікті қамту үлесін арттыру бағдарламасын таныстырды. «Жаңарған QazaqGaz» стратегиясы қазақстандық газ саласын дамытуға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды қамтиды. Бұған дейін өз Жолдауында ел Президенті Қасым-жомарт Тоқаев өнеркәсіп өкілдерінің ұсынған реформаларын, оның ішінде әлеуметтік-әділ тариф белгілеуді енгізуді қолдаған болатын.
«Біз Қазақстанда тиімді газ саласын құрып, оны инвесторларға тартымды еткіміз келеді, сондықтан бизнестің пікірін есту біз үшін маңызды», – деп атап өтті Санжар Жаркешов.

Бұдан басқа, бірлескен өндірістер құрып, әлеуетті серіктестерді анықтау мақсатында өндірушілердің қазақстандық және халықаралық нарықтарына талдау жүргізу жоспарлануда.
«Бизнестің газ саласына қатысуы аса маңызды екенін көріп отырмыз. Біз өз тарапымыздан барлық сараптаманы біріктіріп, тек қатысушы емес, жүзеге асырушы болуға дайынбыз. Жұмыс жоспарын жасап, басты бірнеше бағытты анықтаймыз. Мәселен, ірі бизнеске қатысты жоба болса, бизнес оны талқылауға дайын. Бұл жерде бизнес өкілдерінің ақпаратпен жан-жақты қамтамасыз етілуі аса маңызды. Тағы бір маңызды мәселе – мемлекеттік сатып алулар, бұл жерде жұмыс көлемі айтарлықтай ауқымды. Біз ашық, монополиясыз, бәсекеге қабілетті ортаны қолдаймыз», – деді «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
98
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
105
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы