Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде Бозойдағы жерасты газ қоймасының объектілеріне барып, күшейткіш компрессорлық станцияны (ККС) жаңғырту жұмыстарын бақылап, «Бозой» компрессорлық станциясының кеңейту жұмыстарымен танысып қайтты.
Жоғары шығыс қысымын қамтамасыз ету мақсатында «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Интергаз Орталық Азия» АҚ, Бозойдағы жерасты газ қоймасының күшейткіш компрессорлық станциясының технологиялық коммуникациялар схемасына өзгертулер енгізе отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бозой жер асты қоймасы күшейткіш компрессорлық станциясын қайта құру, ККС өнімділігін 30% дейін арттырады. Сонымен қатар, Бозой жерасты газ қоймасынан газды алу және айдау бойынша режимді сақтау үшін, газ айдау қондырғысын параллельді және дәйекті режимде жүктеуді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының КС-1 Бозой кірісіне, Бұқара-Орал газ құбырының КС-12 станциясына және Өзбекстанның КС-7 станциясына газ жеткізуді қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, «Бозой» компрессорлық станциясын кеңейту «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы газ тасымалдаудың қуатын арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, «Бозой» жерасты газ қоймасы еліміздегі ең ірі газ сақтау объектісі саналады. Оның міндеті - күзгі-қысқы кезеңде ел ішіндегі газ тұтыну кезінде болатын маусымдық ауытқуларды реттеу, сондай-ақ, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Шымкент қаласының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халыққа үздіксіз газ жеткізу.
Сонымен қатар, жұмыс сапары кезінде Санжар Жаркешов күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысымен, «Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбырының қазақстандық учаскесінде жасалып жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, құрылысы жүріп жатқан қуаты 1 млрд текше метрді құрайтын Қашағандағы газ өңдеу зауыты объектілеріне барып қайтты.