Главная Новости QazaqGaz-дың жазғы спартакиадасы газ мамандарының басын қосты
23 июня 2026, 11:19 47

QazaqGaz-дың жазғы спартакиадасы газ мамандарының басын қосты

QazaqGaz-дың жазғы спартакиадасы газ мамандарының басын қосты

20-21 маусымда Қазақстанның түрлі өңірінен келген қызметкерлердің басын біріктірген QazaqGaz компаниялар тобының жазғы Спартакиадасы өтті. Спорттық іс-шара командалық рухты нығайту, өзара қолдау және корпоративтік бірлік алаңына айналды.

Екі күн бойы қатысушылар командалық және жеке дисциплиналар бойынша бақ сынасты. Жарыс бағдарламасына футзал, волейбол, баскетбол, жүзу, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату және басқа да спорт түрлері кірді.

Спартакиада шынайы күрес, спорттық рух және өзара құрметке толы атмосферада өтті. Әр команда мүшесі жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген ұмтылысын және нағыз рухты көрсетті.

Командалық сынақтың нәтижесі бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды:

  1. «Интергаз Орталық Азия» АҚ
  2. «Азиялық газ құбыры» ЖШС
  3. «QazaqGaz Aimaq» АҚ

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар, кубоктар және дипломдармен марапатталды. Үздік спортшылар «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Спартакиадасында QazaqGaz-дың намысын қорғайды.

 

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: